Мәселе

Сириядан келген қазақстандықтар радикалды көзқарас ұстанып жүр - ҰКК

  • фото: katehon.com

    фото: katehon.com

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядан келген қазақстандықтар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


"Өздеріңіз жақсы білесіздер, xалықаралық террористік ұйымдар Сирия мен Иракта жеңіліс тапты. Сондықтан ондағы содырлар отбасыларымен бірге басқа жерге, соның ішінде өз елдеріне қоныс аударуда. Мысалы, қазіргі кезде Қазақстанға 125 азамат қайта оралып, олардың 57-сі сотталды, қалғандары бақылауда. Бұл жерде назар аударатын маңызды мәселе, қайтып келгендер радикалдық көзқарасты ұстануда. Олармен профилактика мен бейімдеу жұмыстары жүргізілуде", - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.


Оның айтуынша, экстремизм мен терроризмді насиxаттау қарқыны қазақстандық қоғамда радикалдануға себепші болатындай жоғары деңгейде сақталуда.


"Сондықтан осы және басқа да факторлар терроризм мен діни экстремизмге қарсы мемлекеттік күрес жүйесін одан ары дамыту қажеттігін көрсетіп отыр", - деп атап көрсетті Н.Білісбеков.


Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге қарсы күреске арналған бесжылдық бағдарламаны таныстырды. Министрлер кабинеті аталған құжатты мақұлдады.


 


 




Көрілген: 573    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.03.2018, 12:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30