Мәселе

СІМ Ресейде үш қазақстандықтың қаза болғанын растады

  • СІМ Ресейде үш қазақстандықтың қаза болғанын растады

    СІМ Ресейде үш қазақстандықтың қаза болғанын растады

Қазіргі таңда Қазақстанның Ресейдегі елшілігі консульдық-құқықтық көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Мәскеу түбінде қаза болған үш адам отандасымыз екенін растады, деп хабарлайды 
Sputnik Қазақстан.

Мәскеу облысының Новоселки ауылында 24 ақпан күні мәйіті табылған 1965, 1968 және 1971 жылғы ер адамдар Қостанай облысының тұрғындары болып шықты. Бәрі – Қазақстан азаматтары.

"Қайтыс болғандардың туыстарына оқиға туралы хабар берілді. Қазіргі таңда Қазақстанның Ресейдегі елшілігі консульдық-құқықтық көмек көрсету, оның ішінде қаза болғандардың мәйітін Қазақстанға жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр", — деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі.


Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің Мәскеу облысындағы Новоселки ауылында жүк көлігінің кабинасынан үш адамның мәйіті табылған болатын. Мәскеу облысы бойынша тергеу комитетінің бас тергеу басқармасының мәліметінше, фура Чехов ауданына Қазақстаннан жүк тиеу үшін барған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар газдан уланып қайтыс болған. 




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.02.2018, 08:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30