Мәселе

Таиландта тынығып жатқан қазақстандықтарға абай болу ескертілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшілігі Таиландта тынығып жатқан қазақстандықтарды абай болуға шақырды. Өйткені, Таиланд жағалауына «Пабук» тропикалық дауылы жақындап келе жатыр, деп хабарлайды   ҚазАқпарат елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Құрметті отандастар! Барынша абай болып, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұранамыз. Оңтүстік Қытай теңізінен басталған «Пабук» тропикалық дауылы қазір Спратли аралдарының оңтүстік-батысында, ол Сиам шығанағына барынша жақындап келе жатыр. 5 қаңтар күні дауыл Таиланд жағалауына жетеді», - делінген елшіліктің ескертпесінде.


Елшіліктің мәліметінше, 3, 4 қаңтар күндері Сураттхани, Накхонситхаммарат, Пхаттхалунг, Сонгкхла, Паттани, Яла, Наратхиват, Краби, Транг және Сатун провинцияларында нөсер жаңбыр жауады.


Ал 4, 5 қаңтарда Пхетбури, Прачуапкхирикхан, Накхонситхаммарат, Пхаттхалунг, Сонгкх ла, Паттани, Яла, Наратхиват, Ранонг, Пхангнга, Пхукет, Краби, Транг және Сатун провинцияларында жауын-шашын күтіледі.


 




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.01.2019, 22:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31