Тәжіктер арасында біздің түбіміз түрік дейтіндер аз емес

Тәжіктер арасында біздің түбіміз түрік дейтіндер аз емес

Орталық Азия елдері ішінде түркі халқымен мейлінше етене араласқан, «ішек-қарны араласып» кеткен халық тәжіктер десе болады. Түбіміз түркі дейтіндер де бүгінде тәжіктердің арасында аз емес. Біз осыған орай Ресей-Тәжік (Славян) университеті тарих және журналистика теориясы кафедрасының профессоры Абсаттор Нуралиевті әңгімеге тартқан едік.

Тәжікстанда қазіргі таңда өзін қазақпын дейтін адамдардың жалпы саны қанша?
- Біз өз есебімізбен 2 мыңға жуық деп айтып жүрміз. Алайда 2013 жылғы халық санағында қазақтардың саны 600 деп көрсетілген. Бірақ бұл санаққа енбей қалған қазақтар да болды. Мәселен, Жылыкөл ауданында Гарагути деген жер бар. Қазір ол «Тәжікстанның 20 жылдығы» деп аталады. Сол жерде Қызылордадан барған 60 үй наймандар бар. Ол жерде өзбектер басым тұрғандықтан 200-ден астам қазақ балалары өзбек мектептерінде оқиды. Біз онда барып қазақтармен сөйлестік. Балалары қазір қазақша мүлде білмейді. Үлкендері қазақша сөйлегенде өзбекше араластырып сөйлейді. Бала-шағаның болашағы үшін көші-қон мәселесі оң шешілсе Қазақстанға қоныс аударамыз деп жүргендер бар.
- Қазақтар Тәжікстан жерін тек өткен ғасырдан бері ғана емес, Қазақ хандығы құрылмай тұрған кезден бастап мекен ете бастағаны рас па?
- Тәжікстандағы қазақтардың белгілі-белгілі 5 мазары бар. Әулие кісілер болғандықтан оны жергілікті халық Қазақ әулие деп атайды. Оған қазақтармен қатар, тәжіктер де, өзбектер де зиярат етіп жатады.
Қарапайым халық Тәжікстандағы қазақтардың тарихын 300 жылға апарады. Ал тарихшылар құжаттарға қарап отырып оны одан да әріге апарып жүр. Мәселен Шайбани дәуірінен есептесек ол 500 жылға дейін барады.
Өз заманында қалыптасқан тарихи, саяси, экономикалық жағдайға байланысты Орталық Азия аумағындағы халықтарда бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап отырғандықтан шекара деген болмаған. Қоян-қолтық араласып тіршілік кешкендіктен, бір-бірлерінің тілін, мәдениеті мен дәстүрін, әдет-ғұрпын жақсы білід. Олардың тарихы да, тағдыры да көп жағдайда ұқсас. Олар бір-бірін жатсынбады. Мұны осында мекендеген елдің халық болып қалыптасу тарихының мысалы да айғақтай түседі. Қазақ-тәжік тарихы, мәдени байланыстарының тарихы тереңде жатқанын айту парыз әрі азаматтық міндетіміз деп білемін.
- Тәжікстандағы қазақтардың жергілікті халықпен тілдік және мәдени ассимилициясы қалай жүріп жатыр?
- Қолда бар материалдарға сүйеніп, біз бірнеше ғасыр бұрын осы араға келіп қоныс тепкен көптеген түркі тайпаларының, соның ішінде Лақа, Қоңырат, Құрама, Дүрмен, Қарлұқ, Марқа және тағы басқалардың қазақтармен туыстығы, рулық шежірелерінің жақындығын білдік. Сондықтан 300-400 жыл бұрын осы жерге қоныс аударған кейбір түркі тайпаларының ішінде қазақтардың Лақай, Құрамалармен араласып сіңісіп кеткен. Оның үстіне өзбек тілді тайпалардың ортасынша тіршілік еткендіктен олардың ықпалы, әсері тіл, әдет-ғұрыптарынан байқалып тұрады. Біз осы күнге дейін қаймағы онша бұзылмай қалған тайпалардың фольклорынан үзінділер алып, қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерімен салыстырдық, тілдік ұқсастықтары ғажап.
Жалпы қазақтар тәжіктермен аралас тұратын жерде киім киісі жағынан болмаса өзінің тілі, мәдениеті жағынан ассимиляцияға көп түспейтіні байқалады. Бірақ өзбектермен және басқа түркі тайпаларымен ассимилияциясы айқын аңғарылады.
- Қазақтар арасында аралас некедегілер көп пе?
- Біреуінің әйелі тәжік, екіншісінің күйеуі тәжік. Олар сол себепті отбасын тастап кете алмайды. Жалпы мұсылмандар көп балалы ғой. Егер Тәжікстанда 500-600 қазақ отбасы бар десек, оның 300-ден астамы аралас некеде деуге болады.
- Тәжікстандағы қазақтардың тарихын зерттеу мәселесі қалай шешіліп жатыр?
- ХIV ғасырдан былай қарай 10 шақты тәжік қолжазбаларында қазақтардың тұрған жерлері, тіршілігі, мәдениеті туралы туралы материалдар бар. Оны оқу үшін парсы тілін білу керек. Ал Тәжікстанның оңтүстігін жайлаған халықтардың тайпалық құрамын зерттеуді мақсат еткен орыс ғалымдарының еңбектерінде қазақтар жайлы өте аз мәлімет келтірілген. Қазақтардың тұрмыс-тіршілігі басқа халықтар сияқты тиянақты түрде талдап зерттелінбеген, тарихы да көмескі қалған. Сонымен қатар, орыс ғалымдары түркілердің бұл аймақтың байырғы тұрғындары – тәжіктермен қаншалықты аралас-құралас болғандығы туралы да мәселе қарастырылып, анықталмаған. Бұл сондықтан әрине, нақтылы зерттеуді талап ететін келешектің ісі.
Ең қиын нәрсе сол, қазақтар жайын баяндайтын жазба тарихи деректер сақталынбай қалған. Хатқа түспеген. Зерттеушілер болмаған. Республикада өмір сүрген шежіре білетін қарттардың көбісі дүние салып, ендігі бір тобы Қазақстанға қоныс аударған. Кейбір тарихи дереккөздерді тек архивтерден ғана іздеуге болатындығы белгілі. Бірақ, оған біріншіден уақыт керек. Екіншіден кешегі тәжіктердің өзара қақтығысы кезінде (1992-1997) облыстық және аудандық кейбір мұрағаттар өртеніп кетті. Архив құжаттарынан айырылып қалдық.
- Тәжікстанның дамуы мен гүлденуіне қосқан қазақтардың үлесі туралы не айтар едіңіз?
- Қазақ диаспорасының қоғамдық жұмыстан бастап, түрлі кәсіпті жақсы меңгеріп, адал еңбегімен абырой-атаққа ие болған өкілдері туралы ресми түрде айтылып жүргенімен, тарихи еңбектерде айтыла бермейді. Өйткені насихат жұмыстары нашар жүргізілген. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында Тәжікстан топырағына Қазақ АКСР Мәдениет халық комиссары болған Темірбек Жүргенов, Әскери комиссар Абдолла Ярмұхаммедов, Елеусіз Бұйрин, Көбей Жанғазин сынды тарихта аты қалған адамдар осында біршама қызмет жасағаны мәлім. Сондай-ақ Бабай Ишан, Сағидолла молда, Әлшекей күйші сияқты саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар бұл жерді паналап келгендігі де бүгінде белгілі болып отыр. Ал өмірінің соңына дейін Тәжікстанда еңбек етіп Тәжікстан Жоғарғы Кеңесіне 2 рет депутат болып сайланған әйгілі мүсінші Жанғазиннің еңбектері арнайы әңгімеге арқау болар үлкен оқиға деуге болады.
Тәжікстандағы қазақтардың 1990 жылдардан кейін 11 мыңнан астамы атажұртқа қоныс аударған болатын. Олардың арасында өздерінің бұл елдегі тарихын бірщама жақсы білетін көнекөз қариялар аз емес. Сондықтан олар бақилық болмай тұрғанда Қазақстан ғалымдары арнайы іздеп барып, әңгімелерін жазып алса жөн болар еді. Тәжікстанда қазір қазақ тарихын арнайы зерттеп жүрген тек мен ғана. Сондықтан бұл мәселеге Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы да атсалысса деген ой-пікірімізді жақында Алматыда өткен «Орталық Азияның қазақ диаспорасы: тарих – мәдениет – ескерткіштер» деп аталатын халықаралық ғылыми конференцияда Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевқа жеткізге едім. Онда биылғы жылы жазылып бітетін Тәжікстан қазақтары туралы жазылған монографиялық кітапты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы арқылы жарыққа шығару мәселесі оң шешімін тапқандай болды.
Әңгімеңізге рахмет, еңбегіңізге жеміс тілеймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста