Мәселе

Талдықорғанда балабақша меңгерушісі қарамағындағыларды құлша жұмсаған

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Осылай деген қызметкерлер бала тәрбиелеудің орнына бастықтың үйін тазалап, құрылысқа да жегілгенін айтады. Ал қарсы шыққандарды сөзге келместен қызметтен қуады дейді мұндағылар.


Енді бұған шыдамаған үш адам басшыларының үстінен сотқа арыз түсірмекші. Білім бөліміндегілер болса жекеменшік балабақшаға сөзіміз жүрмейді деп отыр.


Шыдамы таусылған бұл үш қызметкер балабақшадан бір күнде арыз жазып шығып кетіпті. Жекеменшік мекемеде меңгерушінің құлша жұмсап, күн көрсетпегенін айтады. Бала бағудың орнына соның үйінің жұмысына жегіліп, тіпті құрылыспен айналысқан.


Әйгерім Ташиева, балабақшаның бұрынғы қызметкері:


-Бастығымыздың үйін жинап, өзіміздің еркімізден тыс жұмыстарға салды. Оған бармаймыз десек айыппұл төлейсің, жұмыстан шығарамын деп қорқытады. Қорқытқаны былай тұрсын, аузына келген боғауызды айтады.


Балабақшаға пара бермесең жұмысқа алмайтынын айтады қызметкерлер. Меңгеруші қарсы шыққандарын бір күнде қызметінен қуатын көрінеді. Гүлшара Жақсылыққызы – солай жұмысынан кеткендердің бірі.


Балабақша меңгерушісі камера алдында сөйлеуден басын ала қашты. Ал қарамағындағыларды жұмыс кезінде құрылысқа жеккенін жасырмайды. Бірақ ешкімді күштеген жоқпын деп ақталды Гүлнар Керімбекова.


-Я сказала вам, пожалуйста, обратитесь письменно, давайте официальный запрос, мы вам официально ответим. Хорошо.


Ал қалалық білім бөліміндегілер жекеменшік балабақшаға сөзі жүрмейтінін айтады. Мектепке дейінгі бұл мекемеде қожайынның тәрбиешілерге не істесе де өз еркі екен.


Салтанат Бекбергенова, Талдықорған қалалық білім бөлімінің маманы:


-Бұлардың өздері жекеменшік. Өздерінің басшылары бар. Өздерінің әкімшілік тарапынан қаражатқа менің ешқандай қатысым жоқ. Басқа да еңбек туралы болсын. Өздерінің әкімшіліктері бар ғой. Өздері жұмыс істеуі қажет.


Шенеуніктердің айтуынша, жекменшік «Ашура» балабақшасы үздіктердің қатарында. Тіпті, ұстаздар күнінде меңгерушіні алғыс хатпен де марапаттапты. Дегенмен, қорлық көрдік деген тәрбиешілер енді оны сотқа бермекші.  


ktk.kz




Көрілген: 615    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 09:28

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31