Талғат тағы да ерледі

Талғат тағы да ерледі

Бүгінгі күні кеден органы қызметкерлеріне жүктелетін негізгі міндеттердің бірі – еліміздің экономикалық және қауіпсіздік мүдделерін қорғау мақсатында контрабандалық әрекеттерге, оның ішінде заңсыз есірткі айналымына жол бермеу болып табылады. Сондықтан да шекаралық аймақта орналасқан «Қордай» кеденіне қарасты кеден бекеттерінде қызмет істейтін кеденшілерге қойылатын талап пен қызметтік жауапкершіліктің салмағы үлкен. Себебі, көршілес қырғыз елінде наркотрафиктің ошағы барлығы және заңсыз есірткі таситын наркокурьерлердің аз еместігі жасырын емес. Ақшаны жеңіл жолмен табуды көздеген олардың көбісі кедендік шекарадан есірткі алып өтудің сан түрлі жолдарын қарастыруға тырысады. Күнделікті мыңдап ағылып жатқан жолаушылардың ішінен ондай теріс пиғылдағы адамдарды дөп тану да оңай емес. Ол үшін кеден қызметкерінің кәсіптік деңгейі мен психологиялық дайындығы да жоғары болуы шарт. Осы орайда шекаралық кеден бекетінде өзінің қызметтік міндетін асқан жауапкершілікпен атқарып, кеден заңын бұзушылардың жолын кесіп жүрген кеденшілер аз емес. Солардың бірі – «Қордай» кеден бекетінің бас маманы Талғат Жаубасаров. 

Атап айтсақ, соңғы жарты жылдың ішінде Талғат Жаубасаровтың қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің және өзіне жүктелген қызметтік міндетін адал атқаруының нәтижесінде 4 наркокурьердің жолы кесілді. Сөйтіп, кеденшінің қақпанына түскен есірткі тасушылардан 2500 килограмм героин мен 900 грамм анаша алынды. Соның бір мысалы ретінде Талғаттың өткен жылдың 26 желтоқсаны күні кезекті кедендік тексеру барысында қырғыз азаматын 500 грамға жуық героинмен ұстағанын баспасөз бетінде айтып өткен болатынбыз. Жуырда, турасын айтқанда үстіміздегі жылдың 16 қаңтары күні ол тағы да бір қырғыз азаматын жасырын жолмен есірткі алып бара жатқан жерінен қолға түсірді. Жеке тексеруге алу барысында оның үстіндегі қызыл түсті күртешесінің ішкі астарына жасырылған, салмағы 7 граммнан сәл асатын героин шықты. Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 286, 296 бабтарының 4 тармағы (ірі көлемде) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бекен НҰРАХМЕТОВ, Жамбыл облыстық кедендік кіріс департаменті «Қордай» кедені басшысының орынбасары

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста