Мәселе

«Танысы мықты…». Алматыда бір дөкейдің кесірінен 500-ге тарта адам зардап шегуде

  • © kaz.365info.kz

    © kaz.365info.kz

Алматыда Наурызбай ауданына қарасты «Кооператор» деген саяжай бар. Былтыр тасқын боп, көп үйлерді су шайған аймақ. Міне, сол арада басты жолға шығатын жерге бір дөкей ұзыннан ұзын қып зәулім үй соғып, жолды жауып тастапты.


Салдарынан су тасқыны кезінде құтқарушылар кәдімгідей әбігер болған. Тіпті, өрт болғанда өрт сөндірушілер де дер кезінде жете алмай үш үй түгі қалмай жанып кетіпті. 500-ге адам тұратын бұл елді-мекеннің халқы тағы шулап жатыр. Өйткені осы дөкейдің үйінің кесірінен науқасы бар үйлер жедел жәрдем көлігін шақыра алмай отырған жайы бар. Бұл туралы Facebook қолданушысы Айман Күлпатшаева жеке парақшасында жазды.


„..Мұнда тұрып жатқан 130-ға жуық үй, яғни, 500-ге тарта тұрғынның қалаға қатынайтын негізгі жолдарынан айырылғандарына көп бопты.


Оны Жұмабек Сырлыбаев деген үйінің аумағын кеңейтіп, қоршап, бекітіп жауып алған. Соның кесірінен тұрғындар енді сырт жақты айналып өтуге мәжбүрміз дейді.


Бұрын Жандосов көшесі арқылы қалаға шыға салатын. Осы оқиға орын алғалы бұл саяжай өрт сөндіруді, жедел жәрдемді қажет еткенде қиналады. Олар кіретін жол таппай, жүріп алады екен. Соның кесірінен үш үй өртеніп те кетіпті. Ал, екі жыл бұрын бұл аймақты су басқанда бұлар қалай жүріп, бас сауғалауды білмей, әбден сасқан. Жол ашық жоғары жақтан су келіп жатыр, қалаға апаратын жолды Сырлыбаев бекітіп алған. Құдай сақтап, әйтеуір шығын болмаған.


Ал, мына мүгедек балалары бар отбасы такси шақыру үшін сонаау біраз жер жүріп, үлкен жол бойына шығуға мәжбүр екендерін айтады. Бірақ, бұлардың айқайына құлақ асып жатқан ешкім жоқ көрінеді.


Кезінде Қарасай аудандық сот бұл жердің заңсыз екенін дәлелдеп, шешім шығарған. Бірақ, кассациялық және апелляциялық саты Сырлыбаевты қолдапты.


2006 жылдан бері 12 жыл бойына осы мәселені көтеріп келе жатқан 500-ге тарта тұрғынның берекесі кеткен. Бармаған есіктері қалмаған. Ал, Сырлыбаев болса, «енді не істеп аласыңдар» деп, міз бағар емес». Сонда «танысы мықты» талтаңдап, қалғандары қалтылдап күн көруі керек пе?» деп ашынады мұндағы жұрт„ делінеді жазбада. 


kaz.365info.kz




Көрілген: 726    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.05.2018, 17:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30