Тегімізді қашан қазақша жазамыз?

Тегімізді қашан қазақша жазамыз?

Дүниеге сәби келсе әрбір шаңырақта үлкен той болатыны сөзсіз. Осыған орай, ата-аналар өздерінің құқын және кейбір заңнамалық ережелерді біліп жүргені абзал.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 174 бабына сәйкес бала туылған күннен бастап 2 ай мерзімі ішінде баланың туылуы туралы тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті Азаматтық хал актілерді тіркеу органымен тіркеу жүргізу баланың туылған кездегі мекенжайымен немесе ата-анасының тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Егер де ата-аналары өзара некеде болмаса, туылған баланы тіркеу өзін баланың әкесімін деп таныған тұлғаның мекенжайы бойынша жүргізілуі тиіс. Бұл жағдайда туу туралы куәлік алу үшін берілетін өтінішпен бірге әкелікті анықтауды тіркеуге байланысты өтініш қоса беріледі.
Егер бала туылған кезде анасы некесіз болса, ата-анасының бірлескен түрде өтініші немесе әкелікті тану жөніндегі соттың шешімі болмаған жағдайда баланы тіркеу туралы жазба кітапшасына анасының тегі және анасының көрсетуі бойынша әкесінің аты-жөні жазылады.
Туу туралы тіркеу жүргізілген кезде баланың тегі ата-анасының тегімен анықталады. Егер де ата-анасының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға не әкесінің не анасының тегін беру туралы өзара шешімді ата-аналары қабылдайды. Балаға кімнің тегін беру туралы шешімді ата-анасы немесе ұлттың шығу тегіне, ұлттық-тарихи дәстүрлеріне байланысты балаға не әкесінің не атасының тегі беріледі.
Туу туралы куәлікті толтырған кезде баланың атының, тегінің және әкесінің атының дұрыс толтырылуына мән беру керек. Қазақ ұлтына тән үшұрпақтық жүйе келесі ретпен толтырылады: тегі, аты, әкесінің аты.
Сонымен бірге азаматтардың сұранысы бойынша баланың тегін және әкесінің атын толтырғанда ( - ов, - ев, - ова, -ева, - ин, - н, - ины, - на, - овна, - евна, - ович, - евич) қазақ тіліне тән емес жұрнақтарды алып тастауға, алайда әкесінің атын жазғанда -ұлы, қызы деген тіркестерді қосып жазуға болады.
Мысалы, Байкенов Оспан Омарович «Байкен Оспан Омарұлы», Кадырова Рысты Мадиевна «Қадыр Рысты Мәдиқызы».
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 15 бабына сәйкес қазақ ұлты өкілдеріне аты-жөнін төмендегідей мазмұнда өзгертуге жол беріледі:
Кадырова Рысты Мадиевна – Мадиқызы Рысты, Байкенов Оспан Омарович – Омарұлы Оспан.
Егер де әкесінің аты баланың тегін іс жүзінде басатын болса, онда баланың тегі бірінші жазылады, содан кейін баланың аты жазылады, әкесінің атын жазудың қажеті болмай қалады.
Ұлты қазақ болып табылатын тұлғалардың тегін, есімін және әкесінің атын жазған кезде атауларда қаншама біріктірілген сөз болса да, бөлек жазылуға жол берілмейді. Мысалы, Әбілқасым ( Әбіл Қасым емес), Гүлсара (Гүл Сара емес), Сейдахмет ( Сейд-Ахмед емес).
Орыс тілінен аударғанда фамилия сөзі «тегі» деп аударылады, «ұрпағы» (поколение), «немересі» (внук), «шөбересі» (правнук).
Балаға екі адамның тегін беруге жол берілмейді. Алайда, ата-анасының біреуі екі текті болса, АХАТ органы баланың осы тектерді алуына қарсылық білдіруге құқы жоқ.
Балаға ат қоюды ата-анасы жүзеге асырады, егер де ата-аналарының арасында өзара ат қою туралы келісім болмаса балаға ат қою сот тәртібінің негізінде жүзеге асады.
Ата-аналарының балаға берген есімі жеке есімдер анықтамалығында болмаса немесе қысқартылған түрде, не еркелету мағынасындағы есімдерден болса АХАТ органы ата-аналардың таңдауына қарсылық білдіруге құқы жоқ.
2007 жылдың 13 тамызында жаңа туылған балаға жеке сәйкестендіру нөмірлерін алу үшін (бұдан әрі - ЖСН) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік қоры енгізілді. Болашақта азаматтарға тек қана ЖСН нөмірі қызмет көрсететін болады, бұрынғы СТН, ӘЖҚ, банктік есепшот нөмірі және тағы да басқа сандық қызметтер өз мәнін жоятын болады.
Қазіргі таңда, бір ғана жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы Сіз туралы толық мәліметті білуге болады. Бұл әрине шет мемлекеттерге іссапармен шыққанда Сіздің сақтандыру нөміріңізді де анықтап бере алады.
Болашақта ондаған құжатты қажетті ұйымдарға тасып жүрмейтін боласыз, Сізге электронды нұсқада қызмет көрсетілетін болады. 

 BAQ.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста