Мәселе

Тегін медициналық көмек пакеті оңтайландырылып жатыр

  • Тегін медициналық көмек пакеті оңтайландырылып жатыр

    Тегін медициналық көмек пакеті оңтайландырылып жатыр

Халыққа мемлекет есебінен тегін көрсетілетін медициналық қызмет пакеті кезең-кезеңмен оңтайландырылады. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

Айтуынша, алғашқы кезеңде, яғни, 2018 жылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК), консультативтік-диагностикалық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімін жасау, тұрақты бақылауды қажет ететін созылмалы сырқаттар тізімін қайта қарау, БМСК деңгейінде бақылауға келмейтін сырқаттарды тізімнен алып тастау, әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімін оңтайландыру, стационарды алмастыратын көмек деңгейінде жүргізілетін нозологиялар, манипуляциялар мен хирургиялық оталар тізімін қалыптастыру сынды жұмыстар жоспарланған. Екінші кезеңде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізе отырып, ТМККК пакетінің жаңа үлгісін әрі қарай дамыту көзделген. Біздің мақсатымыз, қос пакетті қатар дамыта отырып, шұғыл және кезек күттірметін жағдайға душар болған әрбір адамға көмек көрсету және қоғам үшін маңызы бар сырқаттарды бақылауда ұстау. Қарапайым тілмен айтқанда, бірде-бір адам медициналық көмектен қағылмайды деген сөз. Содан кейінгі кезеңдегі мақсат - тізімді тұрақты түрде жаңартып отыру, ескірген технологиялардан бас тарту. Себебі медициналық технологиялар үздіксіз даму үстінде.

Сонымен, ТМККК пакетіне қандай қызмет түрлерін енгізу ұсынылып отыр?

Т.Әбілдаевтың сөзіне сүйенсек, бұған дәрігердің жедел көмегін қажет ететін шұғыл жағдайларда, әлеуметтік маңызы бар ауруларға (туберкулез, ВИЧ-індеті, психикалық ауытқулар, қатерлі ісік т.б.) шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмек жатады. Сондай-ақ, бұл тізімге соңы мүгедектікке әкеп соқтыратын, демографиялық өсімге залал келтіретін жұқпалы емес созылмалы аурулардың негізгі түрлерін, қоршаған ортаға қауіп төндіретін өткір жұқпалы сырқаттарды диагностикалау мен емдеу де кіреді. ТМККК пакетіне кіретін бастапқы медициналық-санитарлық көмек ішінде: профилактикалық екпелер, тоқ ішек, сүт безі, жатыр мойны ісігіне скрининг, қан айналым жүйелерінің ауруларына тексеру, глоукома, 1 жасқа дейінгі балаларды және жүкті әйелдерді қарау, созылмалы ауруларды қадағалау (29 топ), әлеуметтік маңызы бар сырқаттарды бақылау (аурудың 5 түрі бойынша), жедел жәрдем, зертаналық диагностика (126 қызмет бойынша), қондырғылардың көмегімен диагностика жасау (қызметтің 89 түрі бойынша), созылмалы немесе әлеуметтік аурулар бойынша дәрігердің кеңесі де бар. ТМККК пакетіне ұсынылған консультативтік-диагностикалық көмек түрлері:

- бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде бақылауға болатын созылмалы ауруларды тұрақты бақылау (бұл бойынша 24 түрлі сырқатқа шалдыққан 2,4 млн адамға көмек көрсетіледі;

- әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтау және емдеу;


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне бағасы қымбат лабораторлық диагностика қызметтері, ТМККК пакетіне енбеген сырқаттар бойынша амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарды алмастыратын көмек, медициналық оңалту және денсаулықты қалпына келтіру сынды қызметтерді енгізу ұсынылып отыр, дейді Тілеухан Шілдебайұлы.


МСҚ Алматы қалалық филиалы директорының сөзінше, МӘМС деңгейіндегі консультативтік-диагностикалық көмекке мынадай қызметтер енуі тиіс:

- ересектерді профилактикалық тексеруден өткізу;

- 18 жасқа дейінгі балаларды скринингтік тексеруден өткізу;

- 18 жасқа дейінгі балаларға, мүгедектер мен зейнеткерлерге, көп балалы аналарға стоматологиялық қызмет көрсету;

- сала мамандарының қабылдауы, кеңесі мен ем-дом шаралары (35 профиль бойынша);

- бастапқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде бақылауға жатпайтын созылмалы ауруларға шалдыққан науқастарды бақылау (неврологиялық, эндокриндік, тұқым қуалайтын аурулар, өсе келе пайда болған ақаулар, тамыр, сүйек, буын аурулары, жарақаттардың салдарынан болатын аурулар, зат алмасу жүйесі қызметінің бұзылуы т.б.);

- бағасы қымбат лабораторлық диагностика (қызметтің 750 түрі: микроэлементтерге, ферменттерге, кейбір дәрілік құралдарға, гормондарға, дәрумендерге, онкомаркерлерге, аутоиммунды маркерлерге, аллергендерге, вирусты гепатит маркеріне биохимиялық зерттеу, ПЦР диагностика);

- инструменталды зерттеу және функционалды диагностика (228 қызмет бойынша).


 




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 16:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31