Мәселе

Теміртауды басып тастаған қап-қара қар тұрғындарды шошытты (фото)

  • Теміртауды басып тастаған қап-қара қар тұрғындарды шошытты (фото)

    Теміртауды басып тастаған қап-қара қар тұрғындарды шошытты (фото)

Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы шаһарды басып қалған қара түсті қарға қатысты әкімнің экология қызметінің мамандарынан жауап күтіп отырғандарын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Кіршіксіз ақ қарды армандаған теміртаулықтар әлеуметтік желілерде қаладағы қара түске боялған қардың суреттерін жарыса бөлісіп жатыр.


Солардың бірі Денис Горобец өзінің Facebook парақшасында жазба қалдырған. "Терезенің алдындағы және терезенің жақтауындағы қар. Құрметті, Теміртау қаласының әкімі, сіз көшеде не болып жатқанын көрмей отырсыз ба? Әрекет ететін кез келді ғой!", - дейді тұрғын.

Ашынған тұрғынның жазбасына пікір қалдырған Теміртау әкімдігінің баспасөз хатшысы Ольга Горячева қала басшысының тиісті жерлерден жауап күтіп отырғанын мәлімдеді.


"Туындаған жағдайға байланысты қала әкімі Экология департаментіне халықтың пікірімен, суреттермен және экологиялық қызметтің жауабымен қосып хат жазды. Жауап күтіп отырмыз. Өкінішке орай, қалалық экология қызметі қалада жоқ", - деп жауап қайтарған хатшы. 




Көрілген: 877    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.01.2018, 22:28

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30