Мәселе

Тоқал алған ресейлік азамат Шымкенттегі бірінші әйелінен баласын тартып алды (фото)

  • Тоқал алған ресейлік азамат Шымкенттегі бірінші әйелінен баласын тартып алды (фото)

    Тоқал алған ресейлік азамат Шымкенттегі бірінші әйелінен баласын тартып алды (фото)

Шымкентте тұратын Алина бүгінде күйеуі одан тоқалына кетіп қалып, қызын тартып алғанын айтуда. Туған қызымен көрісу мүмкіндігінен айырылған келіншек мұңын шақты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ресейдің Түмен қаласынан келген полицейге тұрмысқа шыққан Алина бақытты боламын деп сенген. Жігіт намаз оқитын әрі үй ішінен барлық дәстүрді сақтай отырып қыздың қолын сұрайды. Алайда бұл бақыт бір жарым жылға ғана созылған. Бойжеткен қыз босанғаннан кейін күйеуі тоқал аламын деп шығады.


Ақыры жігіт өзіне көңілдес тауып алған. Алина оның көңілдесі тоқал болуға ниеттенбегенін, оны ажырастырып өзіне тартып алуды көздегенін айтуда. Ақыры дегеніне жеткен әйел Алинаның күйеуін иемденіп алады. Ол кезде Алинаның қолында төрт айлық нәрестесі болған.


«Күйеуім маған нәрестем дүниеге келгелі оны қолыма ұстатпайтын. Алып кететін де үйді жина, еденді жу деп қуатын. Ақыры қызымды тартып алды. Кетпесем, мені өлтіретіндерін айтып, қорқытты", - дейді Алина.

Жақында нәресте үш жасқа келеді, алайда оны әлі күнге дейін анасына көрсетпеуде. Тек бір рет қана бұрынғы күйеуі Алинаны өзіне шақыртқан. Ол жерді сатуға Алинаның қол қоюын қажет еткен. Одан табылған қаражатқа пәтер сатып алып, бірге тұрамыз деп сендіреді.


Сөзіне сеніп, отбасын қайтарудан үмітті болған Алина қолын қойғаннан кейін тағы керексіз болып қалады… Оған баласын да қайтармай қойған, ал күйеуі өзге әйелмен бірге тұрып жатыр.

Өмірін жаңа парақшадан бастағысы келген Алина өзге мұсылман ер азаматпен көңіл жарастырады. Жаңа күйеуі де бірнеше әйел алғысы келетінін айтқан. Екінші әйел болуға келіскен Алина күйеуі барлық әйеліне тең қарайтын болады деп үміттенеді.


«Біз ресми некемізді қимадық. Тек неке қию рәсімін жасадық. Бізді отбасы деп атауға келмейді. Ол тек айына екі-үш рет келетін. Мен бұны дұрыс деп санамаймын», - дейді Алина.

Көп ұзамай Алина тағы жүкті болған. Көп күйзелістер құрсағындағы балаға кесірін тигізеді деп қорыққан ол күйеуімен айырылсып кетеді. Бүгінде Алина "Аналар үйінде" тұрады. Ол қызын қайтарғысы келеді, алайда қаражаты мен қорғаушысы жоқтығынан, бұрынғы күйеуінен қорқатындығынан оған мүмкіндігі болмай отыр.

Алина ата-анасы оған қиын сәтте қолдау көрсетпегеніне налиды.


«Олар оңтүстіктің менталитетімен өскен. Бірінші күйеуіммен болған жайтты айтқанымда, олар маған сол жерге қайтып, өле сал деді. Ал екінші күйеуімді тіптен қабылдамады», - дейді Алина. 




Көрілген: 368    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 18.03.2017, 15:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31