Мәселе

«Тоқалды тез заңдастыру керек» — жас қыз неге шырылдайды?

  • «Тоқалды тез заңдастыру керек» — жас қыз неге шырылдайды?

    «Тоқалды тез заңдастыру керек» — жас қыз неге шырылдайды?

 Біреулер бұған жеңіл-желпі қарайды, содан соң мұрындарын шүйіреді. Ал мен тереңіне үңіліп, жағамды ұстадым. Сөйтіп, еркектердің тоқал алуын тезірек заңдастыру керек деген ойға келдім, деген Жауқазын есімді қыздың жанайқай-жазбасын жариялауды жөн көрдік.


Оның себебін ол былай түсіндіреді:


Басқа жақты білмеймін, Алматыда тоқал алу мода

«Тоқал алғыштар неге Алматыда? Өйткені: «Қазақ байыса қатын алады» деген сөз бар ғой. Рас, Алматы байлардың, нақтырақ айтқанда, бизнестің қаласы. Қала табысының 80 проценті кәсіпкерлердің салығынан құралады. Мұны әкім әр жерде растап жүр.


Ал бизнесмен деген кім? Оңаша ортада біреуден артық, біреуден кем өз бетімен табыс тауып жатқан адам. Ол азат елдің өкілі, қазақша сөйлейді, арасында намазға жығылғандары да бар. Олар өзін ұлт буржуазиясы, қазақ элитасының өкілі, қоғамның белсенді мүшесі деп санайды. Сондықтан әрдайым саясаттан, экономикадан, жалпы жан-жақты жаңалықтан хабардар. Әрине, қоғамның белсенді мүшесі ретінде оларды қазақ отбасы, қазақ әйелі, қазақ ер-азаматының жағдайы алаңдатады. Сондықтан осы мәселе шешіміне бақ-қуатты орта өзінше үлес қосып, үлгі болғысы келеді.


Біреулер ренжитін шығар, бірақ отбасы институты бізде құрдымға кеткен.


Қазіргі көп отбасындағы отағасының нақсүйері, ал отанасының ойнасы бар. Бұл кеңінен қолданыстағы, бәріне ыңғайлы отбасылық схема.


Рас, ер азаматтың тұрақты түрде нақсүйері пайда болғанда ол әйеліне ойнас ұстауға автоматты түрде рұқсат береді. Оны қаласын, қаламасын.


Табиғаттың заңы сізге бағынбайды.


Әрине, әйел адам күйеуімнің нақсүйері бар екен деп жүгіріп барып ойнастың астына бірден жата қалмайды. Моральдық, психикалық, тіпті физикалық байланыстан оқшауланған әйел көп рет күйзеліске түседі. Осы күйзелістен шығудың амалын іздеп жүріп, ақыры әйел адам басқа еркектен көңіл-қошын табады. Бәрі осылай болса жақсы ғой…


Бірақ бізде жалған намыс бойын кернеген, қоғамның пікіріне аса тәуелді әйелдер де көп. Олар ойнас таппайды. Жақсы емес пе дейтін шығарсыз. Жоқ. Есесіне


күйзелістің көкесін көрген ол бір күнде монстрға айналып шығады. Батыста феминистер деген бар. Еркек атаулыны жек көретін, өмірін еркексіз құратын әйелдер олар.


Міне, бізде де осындай феминистер көп туып жатыр, бірақ, бір ерекшелігі біздегілердің байы мен бала-шағасы бар.


Ал еркекті өлердей жек көретін әйел тәрбиелеген бала қандай болады, қалай ойлайсыз?


Қызы болса ажырасып тынады, ал ұлы болса гейге айналады, не болмаса қатынды жоғары қоятын, өзін қадірлемейтін ез боп шығады.


Әрине, ақшасы бар адамдар бір емес, бірнеше нақсүйер ұстап, шалқып өмір сүрем десе ешкім оған қой дей алмайды қазір. Бірақ олар қазір некені заңдастырып жатыр, демек жауапкершілікті заңдастырады. Сөз еткен әлгі жағдайлардың тамырын тереңге жаймай, оған балта шапқысы келеді.


Әйелдерге тек «шағылысу» керек

Одан соң тағы бір үлкен мәселе бар.


Қазір кім көп, ажырасқан келіншек көп. Олардың көбі Алматыға келеді. Ауылда өмір сүру қиын ба екен, әйтеуір қалаға келеді ғой олар да. Ал 30-40-50-дегі ажырасқан әйелдер 40-тан асқан еркекпен өлсе де көңіл қосқысы келмейді. Өйткені олар 40-тан соң еркектердің шамасы кете бастайтынын өз өмірінен жақсы біледі.


«Аузы күйген үріп ішеді» демекші, қайта отбасын құрғысы келмейді.


Оларға тек турасын айтқанда «шағылысу» ғана керек. Содан үлкен әйелдер 18 бен 30-дың арасындағы жігіттерге «шабады». Ал олар Алматыда қаптап жүр.


Бизнесменнен бөлек, Алматы студенттер қаласы екені де белгілі. Сөйтіп қазақтың бозбалалары Алматыға келіп екінші «мама» тауып алып жатыр!


Тамағы дайын, киімі бүтін, жататын жері бар. Бәрі тегін.


Қызға ақша шықпайды. Басқа не керек тентіреген студентке?


Міне, осылай! Жастай олар да бұзылады. Жалқау, алаяқ болады. Отбасын құрғысы келмей, көп жүріп алады.


Міне, қазақ жасын қорғау үшін, тағы да айналып келгенде қалталы ағалар алдында жауапкершілік тұр.


Жастарға шабуылдатпай, ол әйелдерді баласымен болсын, үшінші, тіпті төртінші жар етіп алса — ол жақсы. Басқалай амал бар ма?..


Мен оны көріп отырғаным жоқ».


Ал, бұған Сіз не дейсіз?


kaz.365info.kz


 




Көрілген: 1454    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.02.2018, 08:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31