Мәселе

Томаш Бернард Пэта: Аборт жасатуға рұқсат беру – нағыз геноцид!

  • Томаш Бернард Пэта: Аборт жасатуға рұқсат беру – нағыз геноцид!

    Томаш Бернард Пэта: Аборт жасатуға рұқсат беру – нағыз геноцид!

Астанада «Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі» тақырыбында өтіп жатқан конференцияда елордадағы әулие Мария римдік-католиктік архиепархиясының архиепископы Томаш Бернард Пэта бүгінде Қазақстан қоғамында талқыланып жатқан «аборт мәселесіне» қатысты пікірін білдірді.

- Әйел адамның құрсағына біткен бала тұлға деп саналмаса да, ол – ең алдымен жан иесі. Ал, тіршілік иелерін шетінен өлтіру тарихта Ленин, Гитлер есімдерімен қатар аталады. Сонда ары таза қазақ халқының бүгінгі қоғамы кәмелетке толмаған қыздардың аборт жасауына оп-оңай рұқсат беріп қойса, мұндай қылмыстың үлкен түрінің бұрынғы геноцидтерден айырмасы қандай? Біз, эпископтар, күрделі мәселенің салдарымен бұлай күресуге қарсымыз. Ендеше, қоғам болып бұған қарсылығымызды білдіруіміз қажет. Қазақтардың дүниетанымы, рухани жігерінің мұндай өзекті проблеманы басқаша шешуге қауқары жетпей ме? Керісінше, әлемде бейбітшілік пен келісімді насихаттап отырған мемлекет үшін бұл үлкен кемшілік болар еді деп есептейміз,-дейді Т.Пэта.

Ол кәмелет жасқа жетпеген қыздардың аборт жасауына рұқсат беруге қарсылықтарын ашық білдіру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне дейін үндеу жасап жатқанын және мұндай сорақылыққа билік өкілдерінің жол бермеуі керектігін жеткізді.

 




Көрілген: 264    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 15:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31