Мәселе

Төрт адамды аямай қырып салған қанышер өзіне де қол салды

  • Төрт адамды аямай қырып салған қанышер өзіне де қол салды

    Төрт адамды аямай қырып салған қанышер өзіне де қол салды

АҚШ-тың шығысындағы Кентукки штатында ер адам төрт адамды өлтіріп, артынан өз-өзіне қол салды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Сенбі күні Пейнтсвилл қаласының шұғыл қызметіне атыс туралы хабарлама түседі. Қылмыс орнына келген округ шерифі пәтерлердің бірінің ас үйінен екі адамның мәйітін табады. Оларды атып өлтірген қаскөй оқиға орнынан кетіп қалған.


Куәгердің айтуынша, қылмыскер қара түсті Toyota Camry көлігіне мініп қашып кеткен. Оған Пейнтсвилл мен қала маңындағы аймақтарда іздеу жарияланды.

Кейін Пейнтсвилл көшелерінің бірінен көлік табылады. Машина жанында тұрған үйде тінту жүргізілген кезде пәтерлердің бірінен тағы екі адам мен өзін өлтірген қылмыскердің денесі табылған.


"Төрт адам өлтірген қылмыскерді көрген кезде қандай ауыр сезімде болатыныңды сөзбен жеткізу қиын. Мен құқық қорғау органдарында жұмыс істеп жатқаныма 34 жыл болды. Осы уақытта көрген жантүршігерлік қылмыстардың бірі осы болып отыр", — деп мәлім етті шериф Двейн Прайс.

Шериф бұл істің мән-жайын штат полицейлерімен бірге анықтайтынын хабарлады. 




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.02.2018, 17:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30