Мәселе

Той үстінде аяғы ауыр әйелдердің шеруін ұйымдастырғандар сынға қалды (видео)

  • Фото: Instagram/svadba_kaz

    Фото: Instagram/svadba_kaz

Маңғыстау облысында той кезінде аяғы ауыр келіншектердің шеруі болып өтті. Жүкті әйелдердің сап түзеп жүріп өтуі желі қолданушылардың көңілінен шықпай қалса керек. Көпшілік бұрын-соңды болмаған салтты ойлап тапқандар мен жүкті келіншектердің өздерін де аяусыз сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.


Instagram желісінде тарап кеткен видеода, той кезінде шеру жасап жүрген екі қабат әйелдер бой көрсетті. Олардың мейрамхана ішін айналып өте жүруі көпке ұнамай қалған.


Бейнежазбаны тамашалаған желі қолданушылары оқиғаға қатысты бірден өз наразылықтарын білдірді. Олар "жаңаша" салтты ойлап тапқан адаммен қоса аяғы ауыр келіншектердің де қылығын сөгіп тастаған.


 


"Екі қабат кезінде жұрттың көзіне көп түспейтін едік"

"Мода көрсетіп жатыр ма, аяғым ауыр деп?"

"Ол не мақтаныш ұят қайда?"

"Не салт мынау қарындарын шермейтіп, қайын аталарының көзінше"

"Ойлап таппайтындары жоқ" , - деп өз пікірлерін білдірді оқырмандар.


 




Көрілген: 1860    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 09:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31