Мәселе

Түнімен жезөкшелермен көңіл көтереді: Астана тұрғындары шағымданды

  • Гранд-Астана тұрғын-үй кешені. Фото: NUR.KZ

    Гранд-Астана тұрғын-үй кешені. Фото: NUR.KZ

Астанадағы "Гранд Астана" тұрғын-үй кешенінің тұрғындары пәтерге жезөкшелерді әкелетін көршілеріне шағымданды. Айтуларынша, сүр бойдақтар түнімен "көңіл көтеріп", өзгелердің мазасын алады екен деп жазады NUR.KZ.


Астананың оң жағалауындағы "Гранд Астана" тұрғын-үй кешені көпшілікке элиталы баспана ретінде танымал.


Десе де, тұрғындардың (пәтер иелерінің өтінішімен тұрғындардың есімі жасырылды - ред) айтуынша, мұнда пәтер жалдап тұратын жандар жетіп артылады екен. Өкініштісі, баспананы жалға алушылар түнімен жезөкшелерді әкеліп, үй иелерінің мазасын алатын көрінеді.


"Жалпақ жұртқа жария қылғаннан басқа амал қалмады. Осы үйде 2013 жылдан бастап тұрып келеміз. Тірнектеп ақша жинап жүріп, бір бөлмелі пәтер алған едік. Алғанымыз не керек, маңайындағы көршілерміздің бәрі "квартиранттар".

Жап-жас жігіттер өздері тұрса мейлі, түнімен жеңіл жүрісті қыздарды әкеліп, ойларына келгенін істейді.


Түнімен маза болмайды. Отбасылы адамдармыз, кейде балалар естігенде тіптен ұялғаннан кірерге жер таппай кетеміз. Қабырғалар тым жұқа, бәрі естіліп тұрады. Ал, демалыс күндері тіптен сорақы, пәтерлері кәдімгі жын-ойнаққа айналады.

Полицейлерді шақырамыз деп те ескерткенбіз, адамша түсіндіріп те көргенбіз, амал жоқ, сөзімізге құлақ асатын ешкім жоқ. Енді үстерінен арыз жазу ғана қалды. Басқа амалымыз жоқ", - дейді тұрғындар.


 




Көрілген: 219    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.02.2019, 09:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 21:05
    Лашықтағы өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28