Мәселе

Түрік азаматымен көңілдес болған алматылық келіншек төрт баласынан айырылды

  • Видеодан кадр/ КТК

    Видеодан кадр/ КТК

1984 жылы дүниеге келген келіншек өзінен 13 жас үлкен университет оқытушысына тұрмысқа шыққан. Ол жатақханада ағасымен бірге тұрғанын, сол кезде ағасы болашақ күйеуімен таныстырғанын айтады.


Олардың ортақ екі ұл, үш қызы бар. Бірақ жұбайы бар шындық ашылған соң төрт баласын алып қалып, бесінші баласы өзінікі екеніне күмәнданып, анасымен бірге қоя берген.


Алматыдағы университеттердің бірінде қызмет ететін профессор, филология ғылымдарының докторы әйеліне жұмыс істеуге рұқсат етпеген көрінеді. Әйелі достарыммен кездесемін десе, есікті кілттеп, сыртқа шығармайтын дейді. Оған қоса балаларына қол көтерген-мыс. Талай қол көтеріп, қорлық көрсеткен дейді.


Психолог мамандығы бойынша білім алған келіншекке жұмыс істеткісі келмеген профессор университеттің асханасында аспаз болып тұрасың деп уәде еткен, тіпті жергілікті кафелердің біріне аспаздың көмекшісі ретінде орналастырып, әйелінің аспаздықтың қыр-сырын меңгергенін қалаған.


Ал дәл сол жерде 34 жастағы келіншек түрік азаматымен көңіл жарастырып, күйеуінің көзіне шөп салған екен.


Студияда әйел отбасына деген адалдықты бұзғанын мойындамағанымен, жұбайы журналистерге берген жазбасында айғақтарын берген. Жеңіл жүрісінің себебін келіншек: "Сен мені ешқашан қанағаттандырмадың, ол нағыз еркек бола білді" деп түсіндіреді.


Әйелінің жүрісі ашылғаннан кейін оқытушы оны үйінен екі жасар баласымен қуып жіберген, ал келіншектің шетелдік көңілдесі АҚШ-қа кетіп қалған.


Ал әйел баласымен Ана мен бала үйін паналап жүр. Қазір отбасы мәселесімен ювеналды сот өтіп жатыр, оның нәтижесінде төрт баланың тағдыры шешіліп, ата-анасының кіммен қалатыны анықталады.


nur.kz 




Көрілген: 944    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.12.2018, 14:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 11:02
    Мені өлтірмеші, мама!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31