Мәселе

Түркістан облысында ұлынан айырылған шарасыз әке жанайқайын жеткізді

  • Кадр

    Кадр "Еуразия" арнасынан

Түркістан облысында 21 жастағы ұлынан айрылып қалған әкесі мен анасы әділдік іздеп, шарқ ұруда. Олардың айтуынша, кісі қолынан қайтыс болған ұлын өлтірген қылмыскердің орнына жазықсыз жан 11 жылға сотталып кеткен деп жазады "Еуразия" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Шарасыз әке ұлын өлтірген нағыз қылмыскерлердің бостандықта жүргенін, ал кісі өлтірді деп сотталған жігіттің еш жазығы жоқ екенін айтады.


Жергілікті соттың шығарған шешіміне наразы болған ата-ана әділдік таппай дал болуда.


Еркінбек Нұржанов бүгінде бірталай құзырлы органның табалдырығын тоздырып үлгерген. Алайда одан еш нәтиже болмаған.


"Мен кімдерге арызданбадым, жоғары сотқа да арыздандым, ауданарылық, аппелациялық сот та бітті, кеше Астанаға Бас прокуратураға да бардым. Барлық жерде бірыңғай жауап. Не үшін? Себебі, бұл жерде сыбайлас жемқорлыққа жол беріліп жатыр" – дейді ол.


Еркінбек Нұржановтың ұлы осыдан бір жыл бұрын ауылдастарының қолынан қайтыс болған. Достары кешке қарай үйінен алып кеткен жігіт сол күйі тірі оралмапты.


21 жастағы жігітті ауыл бұзақылары пышақтап кеткен.


«Мұраттың спортпен неше жылдан бері айналысып жүргенін барлығы біледі. Сөйтіп, келеді де Мұраттың артынан қолын қапсырып құшақтап алады. Сол жерде тұрған афишаның алдына сүйреп алып барады, Мұрат болды, тарқаймыз деп тұрған уақытта Балғабеков Дәулет артқы жағынын келіп, тура жүректен пышақтап ұрады», - дейді қайғыдан қан жұтқан әке.


Қайтыс болған Мұрат Нұржанов тірі болса, биыл оқу орнын бітірер еді. Алайда оның ата-анасы бірнеше рет болған сот отырысының әділ өтпегеніне сенімді.


Айтуларынша, оның өліміне кінәлі деп танылған жігіт 11 жылға сотталғанымен, жігітті пышақтаған қылмыскер бостандықта жүр. Тергеу кезінде ол "куәгер" ретінде жауап берген. 




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.10.2018, 10:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30