Мәселе

Түймебаевтың есебіне келген кейуананы әкімдік қызметкерлері залдан шығарып жіберген

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

ОҚО әкімі Түймебаевтың есебіне келген кейуананы әкімдік қызметкерлері залдан қуып шықты. Ол аз дегендей, залдың сыртында да кейбір тұрғындар ішке ене алмай, дал болды, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Жансейіт Түймебаевтың өткен жылы өңірде атқарған жұмыстары туралы халық алдындағы есебі шумен басталды. Кездесу басталмай тұрып залдағы орындардың алдыңғы қатарына жайғасқан кейуана өз мұңын шақты. Бұл кезде баяндама жасаушы Түймебаев мырза әлі келе қоймаған еді. Кейуана банк алдындағы несиесін төлей алмай, үйінен айырылған.


"Жасым елуде. Аты жөнім Клара Ибрагимова. Күйеуім жоқ, кәмелетке жасқа толмаған балаларыммен үйсіз жүрмін. Шеттей бала-шағаммен күннің суығында далада қалдым", - деген тұрғын облыс әкімінен көмек сұрамақ болды.

Тіпті әкімдіктің бірнеше өкілі райынан қайтармақ болғанымен, «Өзім білемін, мені орнымнан қимылдатып көр» деп ашуға беріліп кетті.


Тек әкімдік қызметкерлері жалғызбасты көпбалалы ананың бұл мәселесі аймақ басшысын ашуға булықтырады деп ойлады ма, әйтеуір екі қызметкер есепті кездесу басталмай жатып кейуананы залдан шығарып жіберді.


Шымкенттік тұрғын Жұмагүл Сламқызы болса, өз қаржысына кореялық жабдықтармен халықты тегін емдеп жатқанын алға тартты. Әкімнің есебінде емделушілердің өтінішін жеткізбек ниетпен келген екен. Алайда залға кіре алмаған.


"Он бес минут кешігіп қалдым. Менімен бірге келген бес-алты адамды ішке кіргізді де, мені кіргізбей қойды залға", - деп ашынған тұрғын аймақ басшысының атына өз өтінішін жеткізіп үш рет хат жолдағанын, алайда әлі жауап ала алмай жүргенін жеткізді.


Айта кетейік, бүгін Жансейіт Түймебаев халық алдында есепті кездесуін өткізіп, тұрғындар сауалына жауап берді. 




Көрілген: 1307    Пікірлер: 0

жұма, 16.02.2018, 16:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30