Мәселе

"Тырнақтарын жұлып, зорлық көрсеткен". Әйелін қызғанған астаналық өз досын жауыздықпен қинаған

  • "Тырнақтарын жұлып, зорлық көрсеткен". Әйелін қызғанған астаналық өз досын жауыздықпен қинаған

Астанада әйелімен көңілдес болды деп күдіктеніп, әріптес досын әбден қинаған 32 жастағы тұрғын сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот қаулысына сілтеме жасап.


Оқиға 2017 жылдың қыркүйегінде болған. Алайда бұл оқиға жайлы енді ғана белгілі болды. Сот мәліметтері бойынша, Қазақстанда ықтиярхатпен тұрып жатқан өзбекстандық азаматтық некедегі әйелімен төсектес болды деп күмәнданған жәбірленушіні елордадағы салынып жатқан үйлердің бірінде азаптаған. Сөйтсек, екеуі сыныптас болған және осы үйдің құрылысын жүргізіп жатқан екен. Осыдан кейін ер адам әйелімен жыныстық қатынасқа түскенін мойындату үшін алдымен темір сыммен байлап тастап, ұрып-соққан. Мұнысымен қоймай, бармақтарының тырнағын тістеуішпен жұлып, құрылысқа арналған заттармен сексуалдық зорлық көрсеткен. Айыпталушы әбден қансыраған жәбірленушіні келесі күні сол үйдің басқа қабатында орналасқан пәтерге алып келіп, азаптауын тағы да жалғастырған. Тырнағы жұлынған аяғына етік кигізіп, үстінен басып та қинаған. Бұл әрекет бір аптадай уақытқа созылған. 5 қазанда сотталушы өз жемтігін басқа мекенжайдағы жатақханаға алып келіп, қинау ісін жалғастыра берген. Тек 8 қазанда ол әйелі мен оның ашынасы делінген ер адамды беттестіріп, екеуінің арасында ешқандай да байланыс болмағанына көзі жеткен. Жәбірленуші полицияға арыз түсіріп, күдікті 10 қазанда ұсталып, қамауға алынған. Іс сотқа жетіп, мұнда айыпталушы жәбірленушіге дене жарақаттарын келтіргеннен соң дәрі-дәрмек алып бергенін және одан кезінде кешірім сұрағанын, ал сотта кешірім сұрамайтынын айтып, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған. Сотталушының әйелі болса онымен азаматтық некеде тұратынын және екі бала асырап жатқанын айтқан. Есіл аудандық №2 сотының судьясы шырғанға үкім бойынша, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы ("Қинау") бойынша айыпты деп танып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтіні айтылады.

 




Көрілген: 635    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.04.2018, 10:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30