Мәселе

ҰБТ кезіндегі ғашықтық хикаясы немен аяқталды?

  • © aikyn.kz

    © aikyn.kz

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов сынақ кезінде болған ғашықтық хикаясы немен аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Айта кетсек, бұған дейін Мерей есімді астаналық түлек Ұлттық тестілеу орталығына хабарласып, жүрегін жаулап алған Арай есімді қызды іздеп жүргенін айтады. Бозбала шымкенттік қызбен Астанадағы сауда орталығында танысқан, бір-ақ сол жолы нөмірін ала алмапты. Осыдан кейін Мерей елордаға қонақ болып келген қызды қалай да табуға тырысады. ҰБТ-ның онлайн-трансляциясы ғашығын іздеген Мерейге біраз септігін тигізеді. Жас жігіт ҰБТ тапсырып отырған оқушы қызды танып, ұлттық орталыққа хабарласқан. Орталық қызметкерлері түлекке көмектесуге уәде берген еді.


"Біздің білуімізше, олар бірін-бірі тапты. Бірақ әрі қарай не болғанынан хабарсызбыз", — деді Әлімқұлов баспасөз мәслихатында.


Ол екі түлектің ҰБТ-да қанша балл жинағанын айтуға құқығы жоқ екенін айтты.


 


 




Көрілген: 812    Пікірлер: 0

жұма, 29.06.2018, 14:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30