Мәселе

ҰҚК Сирияда әлі қанша қазақстандық жүргенін айтты

  • © Азаттық радиосы

    © Азаттық радиосы

ҚР ҰҚК департаментінің басшысы Бақытбек Рақымбердиев Сириядағы қақтығыс аумақтарында жүрген қазақстандықтардың санын атады.


ҰКҚ департамент басшысының айтуынша, Сирияда әлі де болсын 370-380-ге тарта Қазақстан азаматы бар.


«Олардың басым көпшілігі әйелдер. Олармен бірге 400-500 кішкентай бала бар», - деді ол.


Еске сала кетсек, 6 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара – «Жусан» операциясы нәтижесінде Сириядан 47 Қазақстан азаматы, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылған болатын.


Оның айтуынша, гуманитарлық операция бойынша Қазақстанға 6 ер адам, 11 әйел, 30 бала қайтарылды. Олардың кейбірін азаматтығынын айыру мәселесі барын атап өтті.


«Иә, Президенттің бастамасымен бұл норма заңнамалық тұрғыда бекітілген болатын. Қазіргі таңда қақтығыс аймақтарынан келген азаматтарға қатысты бұл шара қарастырылып жатыр. Бәлкім, кейін сот шешімі бойынша жүзеге асуы да мүмкін. Бірақ, бұл ретте жағдайдың мүлде бөлек екенін айта кету керек. Бұл адамдар өздігімен елге оралуға ниет білдірген. Кінәлі деп танылғандар Қазақстанда жазаға тартылады. Кінәсіздер туралы әлбетте, шара қолдану қарастырылмайды», - деді Рахымбердиев.


baq.kz 




Көрілген: 277    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.01.2019, 14:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31