Мәселе

Үкімет апострофтан бас тартуы мүмкін

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Дәйекшесі бар латын әліпбиінің орнына жаңа нұсқа қабылданғалы жатыр. Сондықтан ел апострофты әріптерді жаппай қолдануға асықпағаны жөн. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті шешім қабылданбай жатып, істі асықтырғандарды сынға алды. Спикердің сөзі негізсіз емес. Латын бойынша, жұмыс тобы тағы бір нұсқа әзірлеп, қаңтарда Үкіметке таныстырмақшы екен.


Қазақстанды латынға көшіруі тиіс жұмыс тобы ең ұтымды нұсқа ұсынғанша, тұрғындар өз беттерімен амал қылып, дәйекшесі бар әліпбиімен көшені белгілеп, дүкендеріне атау беріп әлек. Президенттің 27-ші қазандағы латынға көшу туралы саяси шешімінен кейін, елде кезекті науқан басталып кетті. Көш алдында әзірге Маңғыстау облысының әкімдігі тұр. Мәселен Елбасы тиісті жарлыққа жұма күні қол қойды. Ал құжаттың сиясын кептірмей жатып, Ақтау әкімдігі дүйсенбіде маңдайшасындағы жазуын өзгертіп үлгерген.


Гүлзайда Төлеуғалиева, Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы:


-Бұл әрине, көпшіліктің, жұртшылықтың көздері үйреніп, жылдамырақ үйреніп кетуі үшін. Жаңа әліпбимен жұмыс жасап кетуге ықпалын тигізеді деп ойлаймын.


Халық көзі үйреніп-үйренбегені белгісіз, бірақ Сенат спикері бұндай белсенділікті құптамайды. Қасым-Жомарт Тоқаев науқаншылдыққа салынып асықпауға кеңес берді.


-Ұлттық комиссия қазақ тілінің латын әліпбиі бойынша нақты шешімге келген жоқ. Сондықтан «апостроф» әліпбиін газеттерде я басқа жерлерде пайдалануға әлі ерте.


Тарихи шешім қабылданған күні мемлекет басшысы да, жалпы латынға көшуді қолдаймын, ендігі кезекте мамандар өзара бітімге келуі тиіс деген-ді. Содан бері екі айға жуық уақыт өтсе де, ғалымдар бір пәтуа шығарар емес. Үнсіздікті дәйекше нұсқасы бекітілді деп түсінгендер жаппай халықты қайта оқытуға да кірісіп кеткен.


-Осылайша бүгінге дейін ұсынылған диграфтар да, дәйекше де көптің көңілінен шықпай тұр. Соңғысын халық тіпті «биттеген» әліпби деп жақтырмайды. Ал бұл нұсқаларды халық үшін әзірлеп жатқан ғалымдар болса, тағы бір жобаны қаңтарда үкіметке таныстырамыз деп жауап береді. Президент болса, 2025 жылға дейін жаппай көшуді, екі жылда бекітілген нұсқамен бала оқытуды бастаңдар деп мерзім қойды. 


ktk.kz




Көрілген: 347    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 20.12.2017, 08:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31