Мәселе

Ұрланған қосалқы бөлшектерді анықтау үшін полицейлердің базарларды тексеруге құқығы жоқ

  • © Tengrinews

    © Tengrinews

  • Ұрланған қосалқы бөлшектерді анықтау үшін полицейлердің базарларды тексеруге құқығы жоқ

    Ұрланған қосалқы бөлшектерді анықтау үшін полицейлердің базарларды тексеруге құқығы жоқ

Алматы қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев Денис Теннің өлімінен кейін қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөнінде өткен қоғамдық тыңдалымға келмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің айтуынша, ІІД басшысына отырыс жайлы жұма күні хабарланып қойған. Бірақ сол күні-ақ оның отырысқа қатыса алмайтыны белгілі болған еді.


"Ол іссапарда болды. Іссапардан келді ме, жоқ па - әлі білмеймін. Күдебаевқа шақырту бердік. Жұма күні ол болған жоқ. Іссапарда екенін айтты", - деді Алматы қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшанов.


Отырыста ІІД басшысы орнына оның орынбасары Ғазиз Нұрқаев сөз сөйледі. ІІД басшысының орынбасары өз сөзінде жыл сайын ұрлық деректерінің азайып жатқанын және қасақана жасалған қылмыстарға қатысты жазаны қатаңдату қажет екенін айтып өтті.


"Бұл менің жеке ойым, бізде заңнама бар. Менің ойымша, қасақана жасалған қылмыс үшін тағайындалатын жазаны қатаңдату қажет. Әсіресе, бірнеше рет ұрлық жасаған адамдарған. Бірақ, өкінішке қарай, жаңа заңнамада бізде ол туралы айтылмайды", - деді Серік Күдебаевтің орынбасары Ғазиз Нұрқаев.


Сондай-ақ, Нұрқаев полицейлердің ұрланған қосалқы бөлшектерді тексеру үшін базарларда немесе сауда орталықтарында тексеріс жүргізуге құқығы жоқ екенін айтып өтті.




 




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.07.2018, 15:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31