Мәселе

«Үшеуімен ғана болып жүрмін…». Алматылық ару 17 жігітпен қатар жүретінін айтып мақтанды

  • Көрнекі сурет.  © koketka.by

    Көрнекі сурет. © koketka.by

Соның арқасында бойжеткеннің барлық салада тамыр-танысы боп, ол өзіне өте қолайлы боп шыққан. 17 жігіттің бірі полиция болса, бірі дәрігер, бірі менеджер, бірі риелтор боп келеді екен.


«Бірақ мен олардың бәрімен жатпаймын» деп ағынан жарылыпты аноним ару «NewTimes.kz» порталына берген сұқбатында. 28 жастағы ару Алматыдағы фитнес клубтардың бірінде жаттықтырушы боп жұмыс істейді екен. Жігіттерінің көбісі де осы клубтың қызметін тұтынушылар.


— Сегізі осында кеп жаттығып тұрады. Бірақ бәрімен тұрақты қарым-қатынаста емеспін. Жәй шүйіркелесіп, қалжыңдасып, қылмыңдасып қоямыз, яғни төсек қатынасына жеткен жоқпыз. Әрине, олар одан дәмелі. Бірақ менің ойымда ондай жоқ. Оның үшеуі клубқа дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері келеді. Ал қалған бесеуі сәрсенбі, бейсенбі және сенбі келеді. Олармен осы жаттығу арасында кездесемін.


Тығылып, бұрыштарда сүйісіп аламыз. Клиенттер көріп қоймайсын деймін ғой. Шынында басқа жігіттерімнің көзіне түспеуді ойлаймын.


Қалай дегенмен де ол жігіттер де бұл қатынасымыздың жәй әйшейін екенін түсінетін болуы керек. Олар бұған қарсы емес, ал мен уақытымды көңілді өткіземін есесіне, — дейді 28 жастағы алматылық ару.


Оның айтуынша, тағы 5 жігіті басқа қалаларда тұрады.


«Өзге өңірдің жігіттерімен әдейі танысып алғам. Олардан тығылудың қажеті жоқ, басыңды ауыртпайсың. Мысалы, біреуімен танысқаныма 4 ай болды. Ол маған қатты ұнап қалды. Айына бірнеше рет келеді. Ал қалған төртеуі Алматыға сирек ат басын тірейді.


Үшеуі материалдық тұрғыда маған көмектесіп тұрады. Айтсам болды, сұрағанымды береді. Ішің пыспайды әйтеуір», — деп сөзін жалғайды бойжеткен.


Қыздың жүрегін жаулаған жігіттің төртеуі ғана Алматыда тұратын боп шықты.


«Олармен жексенбі күндері кездесем. Айдағы әр жексенбіні әрқайсысына кезекпен арнаймын. Көбіне киноаға, мейрамханаға шақырады. Екеуі қатты ұнайды маған.


Көбіне сезімімді білдірмеуге тырысам. Өзімді суық ұстаймын. Өйткені еркек ғашық екеніңді біліп қойса, басыңа шығады. Әзірге жігіттерім бір-бірі туралы білмейді.


Бірақ басымды қатырмас үшін тең жартысымен ат жібін үзіссем бе деймін. Өйткені ақшалы жігіттер емес, жалақысы аз.


Ал төсек жайына келетін болсақ, сұлу сылқым 17 жігіттің үшеуімен ғана жататын боп шықты.


«Бәрімен жатпаймын. Ол мүмкін де емес. Шын ұнатқарын жолатамын өзіме. Онда да резеңкені ұмытпаймыз. Мүмкін болашақта сол үшеуінің біреуін өзіме жар етіп таңдайтын шығармын. Бірақ ол сол жігіттердің өзіне байланысты, әзірге оларды сынап жүрмін», — дейді алматылық сұлу.


Қыз өзінің бұл әрекетін баянсыз болған алғашқы махаббатымен байланыстырады.


«Ес-түссіз ғашық болдым. Ал ол оңбаған боп шықты. Мен ол үшін бәріне дайын едім. Бала туып, дәмді тамақ пісіріп, өмір бойына қасында болам деп ойладым ғой. Біз 4 жыл кездесіп жүрдік. Бірақ ол сол күйі үйлену туралы сөз қозғамады. Оған қоса көзіме шөп салды да.


Мен ерегесіп басқа жігіттермен жүріп кеттім. Ал ол болса мені тоқтатуға еш әрекеттенбеді. Бұл менің намысыма қатты тиді. Қиналдым қатты.


Бәрі өтті-кетті. бірақ мен енді еркектердің сезіміне бас қатырмайтын болдым. Өзіме жақсы болса болды деп жүре беретін болдым. Расында сол өте ыңғайлы екен. Уақыт тез өтеді де кетеді. Неге жастығымның әрбір сәтін тиімді пайдаланбасқа? Оған менің құқым бар», — дейді фитнес клубтағы сылқым. 


365info.kz




Көрілген: 4445    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.08.2018, 15:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31