Мәселе

Үшінші Дүние жүзілік соғыс – таяқ тастам жерде!

  • Үшінші Дүние жүзілік соғыс – таяқ тастам жерде!

    Үшінші Дүние жүзілік соғыс – таяқ тастам жерде!

Аузы дуалы әлемдік деңгейдегі кейбір сарапшылардың пікірінше, 2019 жылы түрткіл дүниенің бірнеше нүктесінде қанды қақатығыс болуы мүмкін екен.


Солардың ішінде, қазірдің өзінде текетірес жүріп жатқан Украина, Корей түбегі, Парсы шығанағы және Оңтүстік –Қытай теңізі бар. Ақиқаты сол, аты аталған төрт жерде де үлкен мүдделердің қақтығысы орын алып отыр. Мәселен, АҚШ пен Қытай арасында қазір сауда «соғысы» жүріп жатыр. Рас, Аргентинадағы Үлкен жиырмалықтың саммитінде Дональд Трамп пен Си Цзиньпин біршама келісімге келді. Бір-бірінің ыңғайына жығылғандай рәуіш танытты. Бірақ алдағы уақытта келісім сақтала ма? Мәселе сонда. Оның үстіне Оңтүстік Қытай теңізіне байланысты екі ел арасында үлкен дау бар. Осы бағытта Қытай әскери теңіз күштерін күшейтті. Тіпті Си Цзиньпин жақында әскерилер алдында «Үлкен соғысқа даяр отырыңдар» деген мәлімдемеде жасап үлгерді. Демек Тынық мұхит акваториясында бір жанжалдың пісіп жетіліп тұрғаны осындан-ақ белгілі. Екінші Украина мәселесі. Бұл жерде де Қырымға және Украинаның Луганск және Донецк облстарына байланысты Ресей мен Украина арасында бітіспес дау бар. Қазір екі елде шекара маңына әскер топтап, дайын отыр. Байқаусыз оқ атылса үлкен соғыс осы жерде тұтанып жүре беруі әбден ықтимал. Сондай-ақ Парсы шығанағында да жағдай оңып тұрған жоқ. Сириядағы жанжал, Йемендегі соғыс, АҚШ пен Иран және Израиль мен Иран арасындағы дүрдараздық кең көлемдегі жанжалға жол ашуы мүмкін.


Бұдан кейінгі Корей түбігінде оты алуы мүмкін қақтығыс. Рас, АҚШ пен Солтүстік Корея біршама келісімге келіп, арада жылымық басталғанымен, түбекте түпкілікті бейбітшілік орнады деп айта қою ерте. Пьхенянның да, Вашингтонның да ішкі есебі бар.Демек Корея түбігінен қара бұл ыдырады деп айту әлі ерте.


Әлгі сәуегейлердің болжамынша осы аталған төрт жерде алпауыт мемлекеттердің мүддесі тоқайласып жатыр. Олардың бір-бірінің ыңғайына жығылуы екіталай, сондықтан кез-келген уақытта Үшінші дүние жүзілік соғыс басталып кетуі ықтимал екен. Қайдам. Дегенмен әлгі айтқыштардың аузына жылан жұмыртқаласын дейміз де. Басқа не дейміз.


tazael.kz




Көрілген: 689    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.12.2018, 13:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 11:02
    Мені өлтірмеші, мама!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31