Ұялшақ жезөкшелер

Ұялшақ жезөкшелер

Тайвань елінде жезөкшелік үйреншікті құбылыс болып есептеледі. Сондай-ақ ол талай отбасының тірішілік көзі болып табылады. Тайвань заңы бойынша жезөкшелікпен тек мемлекеттен лицензия алған қыздар ғана айналыса алады. Яғни, бұл елде жезөкшелік заңды кәсіп. Заңсыз тәнін сатқандар жазаға тартылады. Десе де Тайваньда жезөкшелердің бәрі лицензиямен жұмыс істемейді. Өйткені мемлекеттен лицензия алғандар салық төлеуі тиіс. Сондықтан да ол елде көптеген қыздар жасырын жезөкшелікпен айналысады. Оларды «ұялшақ жезөкшелер» деп атайды екен. Бейресми деректерге қарағанда ол елдегі «ұялшақ жезөкшелердің» саны 80 мыңнан асып жығылатын көрінеді. Олар жол бойында орналасқан дүңгіршектерде жаңғақ сатумен айналысады. «Ұялшақ жезөкшелердің» қызметін пайдаланатын «клиенттер» ақысына «ұялшақ жезөкшеден» көп мөлшерде, жоғарғы бағамен жаңғақ сатып алуы тиіс. Яғни тікелей ақша алмағандықтан оларды жауапкершілікке тарту мүмкін емес көрінеді.
Қазіргі таңда, Тайваньда жезөкшелікпен айналысқандарға айыппұл салынады немесе үш күнге қамауға алынады. Бірақ, бұл шаралар да қоғамның «моральдық келбетін» түзету үшін әлсіз болып тұр. Себебі, протестанттық ағымның күші басымдылық танытып отырған сыңайлы.
Тайваньда жезөкшеліктің белең алуы бұл елге 1950-жылдары, америкалық әскерлер кірген кезден басталған. Бұл елдегі жезөкшелік жылына 2 млрд. доллар табыс әкеледі екен.
Базбір мамандардың айтуынша, Тайваньда жезөшеліктің дамуына протестанттық діннің де тікелей әсері болған. Себебі, нашақорлық, өзіне қол жұмсау, бір жынысты адамдардың некелесуіне рұқсат ететін бұл ағым – жезөкшеліктің де дамуына ықпал еткен. Тайваньда 1945 жылдан бастап тамырын тереңге жайған протестанттық ағым ел халқын жолдан тайдырып, өмірлеріне балта шапқан. Ал, олардың түсінігі бойынша, "ұялшақ жезөкшелік" протестанттық діннің "кәсіби даму шыңы" болса керек.

Біздегі жағдай қалай?
Біздің елде жезөкшелікке рұқсат жоқ. Алайда оларға тыйым салып, жазалайтын заң да жоқ. Сол себепті тәнін сатып жеңіл табыс тапқысы келетін қыздардың саны жыл санап артып келеді. Ең өкініштісі олардың қатарын көбейтушілер он екіден бір гүлі ашылмаған өзіміздің өрімдей қаракөз қыздарымыз екені.
Дәрігер мамандардың айтуына қарағанда, көптеген жыныстық жолмен жұғатын аурулардың таралуына дәл осы жезөкшелер себепкер болып отырған көрінеді. Ал ондай аурудан дер кезінде дұрыс емделмеу жастар арасында бедеуліктің белең алуына тікелей әсер етіп отырған көрінеді. Бұл заңды кәсіп болмағандақтан жезөкшелердің денсаулығын қадағалап отыратын ешкім жоқ. Тек полиция жылына бір-екі рет рейд жүргізіп, есепке алып, сол кезде ғана медициналық тексеруден өткізеді. Сондай тексеру кезінде олардың арасында жыныстық жолмен жұғатын аурумен ауыратындары бар екені де анықталып жатады. Алайда полиция барлық жеңіл жүрісті қыздарды тексеруден өткізе алмайды. Ол мүмкін де емес. Яғни, олардан белгілі дәрежеде қоғамға қауіп бар. Сол себепті кей мамандар аталмыш кәсіпті заңдастырып, жезөкшелікпен айналысатын қыздарды медициналық бақылауда ұстап отыру керектігін айтады. Әрине бұл тартысты мәселе.

Жезөкшелік қашан пайда болған?
Жазба деректерге қарағанда жезөкшелік б.э.д. Ежелгі Римде де болған екен. Алғашында, Ежелгі Римде ондай әрекетке барған әйелді отқа жаққан деседі. Алайда, жезөкшеліктің жолын кесе алмаған. Сол себепті жылдар өте жезөкшелікті кәсіп деп бағалаған. Оларды өз денесімен табыс табатын әйел деп атаған.
Әйтсе дде, заман өзгеруне орай қоғамда жезөкшелікке деген көзқарас та өзгеріп отырған. Бертін келе біреулер некедегі күйеуінен басқамен жыныстық қатынасқа барған әйелдеді жезөкше деп танып, оларға қатаң жаза қолдануды ұсынылған. Алайда ондай пікірге қарсы шығушылар да болған. Олардың бірі тек 40 еркекпен жатқан әйелді жезөкше деп санау керек десе, енді бірі еркектердің саны 60-қа жеткенде ғана әйел жезөкше атануы тиіс деген.
Алайда қанша заман өтіп, оған қарсы қанша күрес жүргізіліп келсе де жезөкшелік жойылған емес. Сол бебепті, қазіргі таңда әлемнің бірқатар елдерінде жезөкшелік заңдастырылған.
Сіз қалай ойлайсыз, біздің елде де жезөкшелікті заңдастыру керек пе? Нақты аргументтер келтіріп, неліктен қолдайтыныңыз немесе қолдамайтыныңыз жайлы пікіріңізбен бөліссеңіз, ойлы оқырман...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста