Мәселе

Үйленген күні ауруханаға түскен 23 жастағы жігіт көз жұмды

  • © 31.kz

    © 31.kz

Үйленіп, беташар өткен күні ауруханаға түскен 23 жастағы Еркебұлан жаңа тіккен отауына қайтып оралмады. Туыстары оның өлі денесін мәйітханадан алып шыққан. Артында қалған 17 жастағы жары мен марқұмның жақын туыстары Шымкенттің жедел жәрдем ауруханасы мамандарын баласының өліміне тікелей кінәлі деп айыптап отыр.


Еркебұлан Исмайыл үйленген күні асқазандағы жарасы мазалап, жедел-жәрдем ауруханасына түскен. Денесін кеспей-ақ ота жасауға ауруханада құрылғы болмағандықтан кесу әдісімен ота жасалып, төрт күнде-ақ үйге шығарылды дейді жақындары. Алайда ыстығы түспеген соң шақырылған жедел жәрдемнің алғашқысы да, кейінгісі де ауруханаға апарудан бас тартқаны туыстарының ашуын келтірген.


АЛМАГҮЛ АРТЫҚБАЕВА, Еркебұланның нағашы әпкесі:


– Департаментке барамын дегеннен кейін барып, баланы қабылдайды. Мен білмеймін енді түсінбеймін, баланы бірден қабылдау керек қой температурасы көтеріліп, тем более операциядан кейін. Не деген сұмдық бұл?!


Мамандарының біліктігі төмен деген 23 жастағы қайтыс болған баланың туыстары кінәлілер қызметінен кетсін деп отыр.


САЯ АРТЫҚБАЕВА, Еркебұланның нағашы апасы:


– Бұлардың медсестралары перевязка істеу үшін 500 теңге, анаған қарау үшін ақша. Бәріне ақша керек, өліп қалған ақшадан. Ақша болмаса сөйлеспейді. Желудок операция бұл жақта ше, екінші больницада 500 мың тұрады екен. Менің сіңілім, күйеу балам қай жақтан бес жүз мың тауып береді?! Өздері кредитте отыр.


Марқұмның ет жақындары ең сорақысы, «науқас вирусный гепатиттен қайтыс болды» деуі дейді. Бір апта бұрын дені сау деп үйіне жіберілген балаға аурухана жұқтырмаса, ол қайдан келеді деп таңданғандарын айтады. Ал өздерін кінәлі деп есептемегенімен, аурухана бас дәрігерінің орынбасары бастаған арнайы топ Еркебұланның қазасына орай үйіне келіп көңіл айтқан. Әкесі мен анасынан кешірім сұраған көрінеді. Кешірдік деген туыстары бір Аллаға салдық деп, мәйітті қайта қаздырмаймыз деген шешімге келгенін айтуда. Ал басқарма жауабы жақын күндері эфирден берілетін болады.


31.kz 




Көрілген: 1461    Пікірлер: 0

жұма, 19.10.2018, 10:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30