Үйлену оңай, үй болу қиын...

Үйлену оңай, үй болу қиын...

«Үйлену оңай, үй болу қиын», - деп дана халқым дөп басып айтқан. Өмірде екі нәрседен, яғни, жар таңдаудан және мамандық таңдаудан қателеспеудің маңыздылығын үлкендер айтып келеді. Бұл тақырыпты қозғаған себебім: қазіргі таңда бесіктен белі шықпаған жастардың отау құрып, ғұмыры қысқа шаңырақ көтеріп, ақыр соңы бейкүнә сәбилердің отбасы бақытынан айрылуы секілді оқиғалардың жиілеп кеткендігі.
Отау құру – жауапкершілік пен түсіністікті, сыйластық пен кешірімділікті, парыз бен міндетті қажет ететін шешім. Жастықтың лапылдаған махаббаты мен құмарлылығына алданып, бірін-бірі танып-білмей жатып шаңырақ көтеретіндер саны күн санап еселеп артып келеді. Мәліметтерге сүйенсек, республикамызда үйлену мен ажырасу ара қатынасы 4:1. Әрбір төрт шаңырақтың біреуі шайқалады. Оның ең ауыр зардабы бейкүнә балаларға тиеді. Толық отбасында тәрбие алмаған бала келешекте ата-ананың кертартпа үлгісін қайталамасына кім кепіл?! Бұдан өткен сорақы жағдай аналардың болашақта қайта отау құруына кедергі болар деген түсінікпен өзінің бауыр еті балаларын жетімдер үйіне өткізуі болып табылады. Бейкүнә сәби... Бейшара бала... Тірі жетім... Дәл осындай оқиғалар аз емес. Бұған жүрегім қынжылады, іштей қайғырамын. Олар да - отбасы бақытын көруге, қуанышты да шаттықты өмір сүруге құқылы жандар. Бұл – жастардың немқұрайлылықтарының салдары. Біз қазақи нағыз тәлім-тәрбиені келешек ұрпаққа сіңіртсек, бұл жағдайлардың белен алуын тоқтатуға болады. Бұрынғы кезде ажырасу, жетім бала деген түсінік болды ма?! Барлығымыз бірден бір ауыздан «Жоқ!» деген тұжырымға келеміз.
Тағы бір мәселеге тоқтаған жөн. «Үй болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды», - деген сөз бар қазақта. Әсіресе, қыздарымыздың құлақтарына алтын сырға, болар-болмас жайттарға ұрыс-керіс шығармай, байыппен, сабырлылықпен, түсіністікпен, төзімділікпен қарап, шаңырақты шайқалтпауға тырысыңыздар. Бүгінгі күнде бежірейген келіндер мен ежірейген күйеу балалардың санында шек жоқ. Әрбіріміз – бір үйдің ерке-тотайымыз, бұл – қалыпты жағдай. Дегенмен, әр істің қайыры бар, алды-артын пайымдап, жүз ойланып, мың толғанып барып шешім қабылдаған абзал. Барлығы тәрбиеге келіп тірелетіні аян. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу қажет. Отбасылық құндылықтарды жіті түсініп, «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» дегендей, ақылмен ұрыс-керіс, жанжалдың алдын ала білейік.
Менің жасым он жетіде. Мен өзімнің артымнан ерген іні-қарындастарым, қатар жүрген құрбы-құрдастарым үшін алаңдаймын. Сондықтан, оларға қолымнан келгенше әрдайым осы жазғанымды ойларына тоқып жүремін. Мүмкіндік болса, тек оларға емес, күллі қазақ қауымына осы ойымды жеткізгім келеді. Себебі, мен халық тағдырына бей-жай қарай алмаймын. Жазылмыш деген тағдыр бар әрқайсысымызда. Сол тағдырды өзгерту, жақсы жаққа бет түзеу, Алланың ақ жолынан таймау өз қолымызда, ағайын! Ислам діні бойынша Алланың үйінде қиылған неке бұзылмауы тиіс екендігін естен шығармайық. Сондықтан, жастар да, әке-шешелер де, ата-әжелер де бұған жауапкершілікпен ден қояйық. Кейде жас жеткіншектер қоғамға, құрбы-құрдастарына еліктеп, түзу жолдан ауытқиды, дер кезінде мұны түсініп, алдын алайық. Бұрында жас отбасының берік болуы үшін ата-әжелер, жеңге-апалар көп септігін тигізіп, некенің ұйытқысын одан әрі қалаған. Бүгін де, ертең де осылай болғанын қалаймын. Бәлкім, мен осылай жол сілтеуге жас та шығармын, алайда, бұл сөздерім жүректеріңізге жетіп, сәл де болса ой қозғатса, мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ. Отбасы тағдыры – ұлт тағдыры, келешек тағдыры. Сондықтан, мен, сіз, ол – біз болып жұмыла болашақтың кірпішін қалауға ат салысайық!

jaisan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста