Мәселе

Үйлену тойы елді шулатқан Самрұқ пен Қазына қалай өмір сүруде?

  • Фото: sknews.kz

    Фото: sknews.kz

 2017 жылы Атырауда үйленген Самрұқ пен Қазынаның тойы ел арасында қызу талқыға түскен болатын. Көпшілік қызығушылық танытқан жұп осы жылдың сәуір айында ата-ана атанып үлгерді. Ерлі-зайыптылар ұлына да ерекше ат берген деп жазады sknews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.




"Біздің тойымыз туралы ақпарат елге тарап кеткен соң, көпшілік біздің әдейі шақыртудағы "Самрұқ-Қазына" деген ерекше жазба үшін үйленгенімізді айтып жатты. Әрине, жоқ. Мүлде олай емес. Біз жарты жылдай кездесіп жүрдік, бір-бірімізді ұнатып қалғанымыздан соң отау құруға бекіндік. Атымыздың сәйкестігіне мүлде мән бермейміз" , - дейді Қазына.


Ерекше есімді жұптың отбасын құруы ел арасында қызу талқыға ұласып, жылы лебіз бен игі тілектерге ие болған. Ғашықтардың айтуынша, тіпті шет аймақтарда тұратын алыс туыстар да жастарға хабарласып, заңды некелерімен құттықтаған. Ал достарының кейбірі жұбайларға арнайы қор құруды ұсынып, қалжындап тұрған.




Бүгінде есімдері ерекше ерлі-зайыптыларды көшеде танып жататын жандар да кездеседі екен.







"Біздің өміріміз енді мүлде басқа. Осы жылдың сәуір айында ұлымыз дүниеге келді. Оған Шахмерген деген ат бердік. Мен әзірге бала күтіміне байланысты демалыстамын. Жолдасым вахталық әдіс бойынша жұмыс істеп жатыр. Бір ай жұмыста болса, бір ай үйде болады.




Қарапайым отбасымыз, басқалар іспетті біздің де несиеміз, өз қиыншылықтарымыз да бар. Күйеуімнің туысқандарымен бірге тұрамыз, өте ұйымшылмыз. Үйімізге қонақтар жиі келіп тұрады" , - деді келіншек.




Жұмыс уақытыны байланысты ерлі-зайыптылар бірге өткізетін кездерін қатты бағалайды. Самрұқ пен Қазына кешке қарай үнді фильмдерін қарағанды жақсы көретін болып шықты. Телехикаялар жас жұбайларды біріктіріп, ортақ тақырыпта қызу пікірталас тудыруға мүмкіндік береді. Кино көріп болған соң, Қазына әдетте тамақ әзірлеуге кірісетінін айтады.




"Мен жұмыртқадан басқасының бәрін әзірлеймін. Неге екенін білмеймін, бәрақ ең оңай тамақты дайындауды жақсы көрмеймін. Жолдасым нағыз қазақ, еттен жасалынған тағамның бәрін жей береді. Соған орай, мен бешбармақ, манты мен күріш әзірлеу шеберлігімді арттырып алдым. Алайда, ол көкінстерді таңдап жейді. Мәселен бұрыш пен баклажанды ол мүлде ұнатпайды" , - дейді Қазына.




Атыраулық келіншек күйеуінің қолдауы мен ыстық ықыласын жоғары бағалайды. Самрұқтың өзінен екі жас кішілігіне қарамастан, оның ой-өрісі ересек еркектерден әлдеқайда кең дейді ол.




"Болашаққа деген ауқымды жоспарымыз жоқ. Арнайы қорды да ашуға ниетті емеспіз. Өз сүйікті қаламыздағы тыныш әрі қолайлы өмір бізге жеткілікті" , - деп қорытындылады Самрұқтың Қазынасы.




Көрілген: 658    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.10.2018, 17:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30