Мәселе

Үйілері жылымай жатқан алматылықтар қайда хабарласа алады?

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыдағы кейбір тұрғын үйлерде әлі күнге дейін жылу жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Осыдан екі күн бұрын «Алматы жылу желілері» кәсіпорнының өкілдері қала нысандарына жылу берілетінін хабарлаған болатын. Алайда, әлі де жылусыз отырған үйлер көп. Әлеуметтік желілерде шағымданушылардың саны артып келеді.


«Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері коммуналдық қызметтер өз міндетін атқарғанын айтты. Олардың пайымдауынша, жылудың пәтерлерге жетпей жатқаны ПИК қызметінің осалдығынан болып отыр.


«Жылу энергиясы кешеніне қарасты кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық нормативті параметрлерді ескере келе, жылу үздіксіз беріліп жатыр. Алайда, кей үйлердің ішкі жылу жеткізу жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Бұл желілер үшін ғимарат иесі жауап беруі тиіс. Біздің кешендер үйдің ішкі құбырлары үшін жауапты емес. Біз элеваторға дейін жылу жеткіземіз. Ал одан әрі ғимарат иесі немесе ПИК жеткізуі керек», - дейді кәсіпорын өкілі Ян Гирин.


Үйдегі батарея жылымай, әуреге түскен тұтынушылар сервис компанияларына немесе ПИК-ке хабарласуы керек. Егер олар мәселені шешуден бас тартса, тұрғындар жиналып, ПИК арқылы қызмет көрсетуші компаниядан міндетін орындауды талап етуге тиіс.


«Бұрын үй ішіндегі жылу желілерінің проблемасын біз шешетінбіз. Қазір бұл мәселені нарыққа бердік. Онда жекеменшік компаниялар жұмыс жасап жатыр», - деді Ян Гирин.


 




Көрілген: 215    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.10.2018, 18:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30