Мәселе

Визасыз режим орнағанына қарамастан екі қазақстандық Дубайға жете алмады

  • Фото: Аlau.kz

    Фото: Аlau.kz

Визалары болмағандықтан, екі қазақстандық азамат Дубайға ұшатын рейске жіберілмеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Аlau.kz сатына сілтеме жасап.


Мәскеудегі Домодедово әуежайында Дубайға жол тартқан екі қазақстандық азамат визаның жоқтығынан рейстен шеттетілді. Бұл жағдай 2018 жылдың 10 наурызында Қазақстан азаматтарының Біріккен Араб Әмірліктері аумағына кіруінің жаңа тәртібі күшіне енуіне қарамастан орын алды. Болған жайтты жолаушылардың өздері баяндады.


«Есімім – Мәлік, жұбайым есімі – Индира. Біз Самардан Мәскеуге келіп, Мәскеуден Дубайға ұшпақшы болдық. Екеумізді де ұшаққа жібермеді. Emirates Airlines әуекомпаниясы бізді рестен шеттетті. Ұшу уақытымыз 10 наурыз күні сағат 17.10-да болатын. Біз Дубайдағы көші-қон қызметіне хабарластық. Олар Қазақстанмен визасыз режим орнатылғаны туралы ақпарат жоқ екенін, қазақстандықтар үшін визаның әлі де қажет екенін айтты. Жүйеде визасыз режим орнатылған соңғы ел – Украина», - деді жолаушы.


Кейін қазақстандықтар Emirates Airlines-тың тағы бір рейсіне отыруға тырысты. Бірақ олар Дубай Қазақстан азаматтарын визасыз қабылдамайтынын айтып, ресми түрде бас тартты.




 




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.03.2018, 14:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30