Мәселе

Зейнеп Ахметова: “Хиджап – арабтардан келген тұмша"

  • Зейнеп Ахметова: “Хиджап – арабтардан келген тұмша

    Зейнеп Ахметова: “Хиджап – арабтардан келген тұмша"

Олардың өзі мұсылман дінін қабылдағанға дейін хиджап киген. Яғни, ХИДЖАП – ОЛАРДЫҢ тарихи ҰЛТТЫҚ КИІМІ. Даласы – шөл, үнемі құм борап тұратын болғандықтан, олардың әйелдері көздерін ғана қалдырып, тұмшаланып киінетін болған. Ал, оны біз хиджап кимеген мұсылман емес деп, біреудің қаңсығын таңсық көріп жүрміз. Құдай-ау, шашыңды жауып жүргің келсе, неге кимешек кимеске. Қазақ әйелдерінің кимешегіне тең келер киім бар ма?! Ол денсаулыққа да пайдалы болған. Қазір жәдігерге айналған кимешекті алып қараңыз… Алдыңғы өңірі кіндіктен төмен түседі және бірнеше қабат кестеленген.


Яғни, омырауды жауып тұрады, төске суық өткізбейді. Арты үшбұрышталып келеді де, тілерсекке дейін төгіліп тұрады. Белді суықтан қорғайды. Мен жастардың ортасында көп боламын. Атаның аманатын жастарға жеткізгім келеді.


БІЗДЕГІ ХИДЖАП КИГЕНДЕР – АДАСҚАНДАР


Ал, мұсылмандықтың айғағы – тұмшаланған хиджап, қауғадай сақал емес, жүректегі иман.


БАЛАҒЫН КЕСКЕНДЕРДЕ, САҚАЛЫ ӨСКЕНДЕРДЕ ЕМЕС, АЛЛАНЫ ЖҮРЕГІНЕ ҚОНДЫРҒАНДАРДА ҒАНА ИМАН БАР


Әлгіндей пиғылдағылардың барлығы – Исламды іштен ірітуді, қазақты қадір-қасиетінен айыруды мақсат еткен дін­сіздердің ағымы. Олар біздің салт-дәс­тү­рімізді арабтарда жоқ дейді де, бар асы­лымызды харам санайды. Мысалы, олар айтады әкеңе ас берме, келіндер сәлем салмасын, өлген адамды сол заматта жерле дейді.


Арабтардың өлген адамды сол заматта жерлейтіні жері ыстық, мәйіт шыдамайды. Ал, біздің дәстүрімізде жан-жақтағы ағайын-туысын күтетін үрдіс бар. Келіп, көңілі суысын, бір уыс топырағын салсын дейді. Сол арқылы әр адам өзінің де ажалды екенін, мынау өмірдің жалған екендігін түйсінеді”.


Сұxбаттасқан: Ерсін МҰСАБЕК


 


elana.kz




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.03.2018, 16:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30