Спорт

2018 жылғы Олимпиадада Қазақстан туын кім ұстап шығатыны белгілі болды

  • 2018 жылғы Олимпиадада Қазақстан туын кім ұстап шығатыны белгілі болды

    2018 жылғы Олимпиадада Қазақстан туын кім ұстап шығатыны белгілі болды

Шорт-тректен әлем кубогының, Универсиада, Азия ойындарының жүлдегері, 2014 жылғы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қатысуышысы Абзал Ажғалиев Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының туын ұстап шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.


"Біздің спортшылар Пхёнчханда өтетін Олимпиада ойындарына спорттың тоғыз түрінен 50-ден астам лицензия алуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда бізде спорттың 4 түрінен 33 лицензия бар. 10 жолдаманы биатлоншылар, 10 шорт-трек, 3 мәнерлеп сырғанау, және 10 лиценцияны конькимен жүгірушілер иеленді. Жалпы біз спорттың тоғыз түрінен қатысуды ойластырып отырмыз. Олардың қатарында трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл. Шорт-тректен Қазақстан құрамасының споортшыларын ерекше атап өткім келеді. Олар барлық лицензиялық турнирлерде бақтарын сынап, жақсы көрсеткіш көрсетіп, 10 жолдама жеңіп алды. Алдағы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының туын Абзал Ажғалиев алып шығады. Ол Ұлттық құрамада бірнеше жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан спортшы. Сондықтан да ту ұстап шығуға әбден лайықты", - дейді ҚР МЖС министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Жарасбаев. Еске салайық, Пхёнчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9 және 25 ақпан аралығында өтеді. 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.01.2018, 17:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30