Спорт

2024 және 2028 жылы жазғы Олимпиада өтетін қалалар белгілі болды

  • © Bnews.kz

    © Bnews.kz

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Париж бен Лос-Анджелесті 2024 және 2028 жылы жазғы Олимпиада өтетін қалалар деп бекітті. Бірақ, олардың қайсысы Олимпиаданы бірінші қабылдайтыны осы жылдың қыркүйегінде белгілі болады, деп хабарлайды Bnews.kz bbc.com сілтеме жасап.


2024 және 2028 жылғы ойындарды өткізуге Гамбург, Будапешт және Рим үміткер болды. Бірақ соңғы тізімге Париж бен Лос-Анджелес ілікті. Олар өздерінің өтінім білдіргенін растады.


Париж бен Лос-Анджелес қайсысы бірінші өткізетінін өзара келісіп алу керек. 13 қыркүйекте Лим қаласынада өтетін ХОК 131-сессиясында нақты қай қалада, қай жылы өтетіні жарияланады.


Екі қала да бұған дейін Олимпиада ойындарын өткізген. Париж 1900 және 1920 жылы, Лос-Анджелес 1932 және 1984 жылы қабылдаған.


Ал, 2020 жылғы Олимпиада ойындары Токиода өтеді. 




Көрілген: 461    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 12.07.2017, 13:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31