Спорт

Cпортшы 120 келі тартатын зілтемірдің астында қалып өле жаздады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Австралияның Квинсленд қаласындағы спортзалдардың бірінде бейнебақылау камералары келеңсіз оқиғаны жазып алған.


28 жасар Джейсон Лейт жаттықтырушының көмегінсіз өз бетінше 120 кг зілтемірді көтеремін деп өмірімен қош айтыса жаздады.


Кадрдан жігіт көтере алмай өз үстіне тастай салған зілтемірдің оның мойын тұсына қарай жылжып бара жатқанын, кеудесін басқан ауыр салмақтан жігіттің тұншығып тыпырлап жатқан сәтін көруге болады. Осылайша, 17 секунд бойы өмір мен өлім арасында арпалысқан жігітке оқиға куәгерлері келіп көмектескен, деп хабарлайды Daily Mail.



Жігіт тез арада ауруханаға жеткізілді. Жаттығу залы иесінің мәлімдеуінше, мұндай жазатаймым оқиғалар жиі орын алып тұратын көрінеді. Өткен айда ғана 15 жасар жасөспірім 30 минут бойы зілтемірдің астында қалып қойған. Қазіргі кезде ол жан сақтау бөлімінде жатыр.


 reactor.inform.kz




Көрілген: 582    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.10.2017, 20:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31