Спорт

«EXPO 2017 Football Cup»: Ресей құрамасы жеңімпаз атанды

  • «EXPO 2017 Football Cup»: Ресей құрамасы жеңімпаз атанды

    «EXPO 2017 Football Cup»: Ресей құрамасы жеңімпаз атанды

«Астана Арена» стадионында өтіп жатқан «EXPO 2017 Football Cup» турнирінде Ресей Әлем жұлдыздары құрамасын 7:4 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды baq.kz.


Қос команда арасындағы кездесу тартысты өтті. Есепті бірінші болып Әлем құрамасының ойыншысы Винсан Кандела ашты. Алайда Ресей құрамасының футболшысы Роман Широков есепті теңестірді.


Екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, сауатты қорғана білді. Ойында Винсан Кандела мен Роман Широков дубль жасады. Ал 12-минутта Ресей құрамасының ойыншысы Евгений Алдонин мачтағы үшінші голды салды. Осылайша бірінші тайм 3:2 есебіме Ресейдің пайдасына шешілді.


Екінші тайм бастала салысымен, Ресей құрамасы өткір шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде 21-минутта Евгений Алдонин дубль жасаса, 22-минутта Дмитрий Сенников командасын алға шығарды. Ал 26-минутта Виктор Гулаков кездесудегі алтыншы голдың авторы атанды.


27-минутта Әлем құрамасының ойыншысы Азамат Абдураимов есеп айырмасын қысқартты. 33-минутта Яри Литманен қарсыластар қақпасына матчтағы төртінші голды салды. 38-минутта Ресей футболшысы Виктор Булатовтың соңғы голы ойынды қорытындылады.


40 минутқа созылған матчта 7:4 есебімен Ресей құрамасын жеңіске жетті. Осылайша, Ресей «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің жеңімпазы атанды. Ал Әлем жұлдыздары құрамасы екінші орынды, ал үшінші орынды Португалия футболшылары иеленді. Ал Қазақстан құрамасы төртінші орынды қанағат тұтты.


Ресей құрамасы: Евгений Алдонин, Виктор Булатов, Александр Филимонов, Константин Головской, Марат Измайлов, Валерий Карпин, Сергей Кирьяков, Дмитрий Сенников, Дмитрий Хлестов, Роман Широков, Ахрик Цвейба.


Әлем жұлдыздар құрамасы: Христо Стоичков (Болгария), Азамат Абдураимов (Өзбекстан), Александр Шовковский (Украина), Винсан Кандела (Франция), Яри Литманен (Финляндия), Алдаир (Бразилия), Гаиска Мендьета (Испания), Жереми Нжитап (Камерун), Мухсин Мухамадиев (Тәжікстан), Жан Пьер Папен (Франция), Эрнан Креспо (Аргентина).


 




Көрілген: 363    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 06.08.2017, 17:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31