Спорт

UFC президенті Нурмагомедовтың гонорары мен белбеуіне қатысты шешімді айтты

  • © Fightnews.info

    © Fightnews.info

UFC президенті Дана Уайт ирландиялық Конор МакГрегормен жекпе-жектен кейінгі төбелес үшін Хабиб Нурмагомедовке Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) қандай шара қолданатыны туралы айтып берді.


6 қазан Лас-Вегаста өткен UFC 229 турирінде Нурмагомедов төртінші раундта МакГрегорды тұншықтырып тастаған еді. Осыдан кейін ол октагоннан асып түсіп, ирландиялықтың досына атылды. Мұның арты жаппай төбелеске ұласты.


Салдарынан ресейлікке октогон ішінде белбеу тағылмады және оған гонорар төлеу шегерілді.


"Әзірге Хабибке ештеңе төленбеді. Олар гонорарды ұстап қалу туралы айтып жатыр. Толық сомманы сақтай алмайтыны анық. Хабиб атағын сақтап қалады - бұл нақты. Мүмкін оны АҚШ аумағында жекпе-жектерден шеттейді - төрттен алты айға дейін. Басқа жерде оның жекпе-жектерін өткізбейміз", - деп келтіреді Уайттың сөзін TMZ.


NSAC алдағы отырысы 24 қазанда, онда Нурмагомедов пен МакГрегордың шағымдары тыңдалады. Соңғы шешім қазан соңында белгілі болады. 


vesti.kz




Көрілген: 1269    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.10.2018, 17:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31