Спорт

Александр Винокуров қылмыстық сот алдында жауап береді - БАҚ

  • © alexander-vinokourov.com

    © alexander-vinokourov.com

Қазақстандық велошабандоз, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ресейлік велошабандоз Александр Колобнев белгиялық Льеж қаласы қылмыстық сотында жауап береді, - деп хабарлайды Sudinfo.be.


Сот отырысы 13 наурызда өтеді. Спортшыларға келісім жарысқа түсті деген айып тағылды.


Қылмыстық істі қозғауға басты себеп - Винокуров Колобневке 2010 жылы Льеж - Бастонь - Льеж жарысында 150 мың еуро беріп, өзінен қалуын талап еткен.


Екі шабандоз да мұны жоққа шығарды.



Егер сот Винокуров пен Колобневті кінәлі деп тапқан жағдайда, олар үш жылға бас бостандығынан айырылып, 350 мың еуро айыппұл төлейді, - делінген мақалада.



Ресейлік Александр Колобнев 2017 жылы қаңтарда спорттық мансабын аяқтағаны туралы жариялады.



Александр Винокуров 2012 жылы аяқтады. Қазіргі уақытта ол "Астана" велокомандасының бас менеджері.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 271    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 20.12.2017, 09:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31