Спорт

Александр Винокуров триатлонда жүзуден қиналғанын айтты

  • Александр Винокуров триатлонда жүзуден қиналғанын айтты

    Александр Винокуров триатлонда жүзуден қиналғанын айтты

Елордада өтіп жатқан триатлоннан Қазақстанның ашық чемпионатына даңқты велошабандоз Александр Винокуровтың қатысқанын хабарлаған едік. Әуесқойлар арасындағы жарыста сайысқан ол жүзуден қиналғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Уақыт болмағандықтан триатлонға дұрыстап дайындала алмадым. Тур де Франс кезінде уақыт болмады. Қазақстанда триатлон алғаш рет өткізіліп тұрғандықтан жарысқа қатысу қызықты болды әрі осылайша елімізді қолдағым келді. Шамам келгенше тырыстым. Әрине, мен үшін жүзу қиын болды. Біз сирек жүземіз ғой. Сондықтан шамама қарай жүздім. Велосипед бұл біздің дистанциямыз болғандықтан жеңілдеу болды. Ал жүгіруге келсек, барынша жүгірдім. Меніңше, 4,23-те келдім. Бұл мен үшін жақсы нәтиже», - деді Винокуров.


Даңқты спортшы триатлон жарысының биыл екінші рет өткізіліп отырғанын айтты. Біріншісі Дубаида өтсе, екіншісі Астанада ұйымдастырылып отыр.


«Мен бұл қозғалыстың елімізде, елордада дамып жатқанына қуаныштымын. Келесі жылы Ironman өтеді. Бұл өте тамаша. Триатлон федерациясын және Кәрім Қажымқанұлын құттықтағым келеді, олар нәтижелі жұмыс атқарып жатыр. Бұл керемет жаңалық. Себебі ТМД-да ешкімде Ironman мәртебесі жоқ. Менің ойымша, келесі жылы осы жерде үлкен мереке болады әрі қатысушылар қатары да артады. Бұл жастарды спортмен айналысуға шақырады. Біз бұл хоббиімізді қолдаймыз», - деді Александр Винокуров.


Айта кетсек, Астана» командасының бұрынғы көшбасшысы, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Александр Винокуров триатлон чемпионатының 90 шақырымдық қашықтықтағы веложарысында жеңіске жетті.


Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ

 




Көрілген: 582    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.07.2017, 22:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31