Спорт

Әлемнің үш дүркін чемпионы мен төрт спортшы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

  • Әлемнің үш дүркін чемпионы мен төрт спортшы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

    Әлемнің үш дүркін чемпионы мен төрт спортшы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

Бодибилдингтен әлемнің үш дүркін чемпионы Алехандра Рубио мен төрт спортшы Аргентинаның солтүстігінде болған жантүршігерлік жол апатында тірідей өртеніп кетті, - деп хабарлайды DiarioPanorama.com.


Чемпион мен оның достары және әріптестері Элиас Торрес, Гуадалупе Давид, Эмануэль Вильяльба және Даниэль Монтиверо Сантьяго-дель-Эстеро қаласына турнирге жеңіл көлікпен бара жатқан. Көлік тізгінінде Алехандра болған. Жолда Chevrolet жүк көлігімен соғысқан. Жол апаты салдарынан екі көлік те өртенген. Спортшылардың барлығы қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр. Спортшылардың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алехандра Рубио 2013 жылдан бастап Аргентинаның фитнес және бодибилдинг ассоциациасының президенті қызметін атқарып келді. Ол өз елінде танымал тұлға болған.

 




Көрілген: 336    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 12.09.2017, 11:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30