Спорт

Арман Оспанов АСВ 77 турнирінде ресейлік спортшыдан жеңіліп қалды (видео)

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Арман "Сұңқар" Оспанов Мәскеуде өткен АСВ 77 турнирінде ресейлік спортшы Александр Полпудниковке төрешілер шешімі бойынша жеңілді.


Жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жек 3 раундқа жоспарланған болатын. Бірінші раунд аяқталар тұста Арман бірнеше ауыр соққы алып, есін жиып үлгерді. Нәтижесінде уақыт дабылы қос спортшының дем алуына мүмкіндік берді. Ал екінші раунд аса тартысты өтті. Ресейлік спортшы алға ұмтыла түссе, аңдысын тапқан Арман соққының астына алған. "Сұңқардың" соққылары дөп тиюімен ерекшеленді. Әйтсе де екі спортшының да осы сәтте шаршағаны анық байқалды. Бір-бірінің жойқын соққыларын көтеріп қана қоймай, жұдырық сілтеп, тығырықтан шығар жол іздеді. Бұл жолы да спортшыларды екінші раундтың уақыт дабылы тыныстап алуларына мұрша берді.


Үшінші раундта екеуі де шабуылға асықпады. "Сұңқар" әдіске салуға асыққанмен, қарсыласы мүмкіндік бермеді. Бұл раундта Арман қарсыласына есе жібере қойған жоқ. Нәтижесінде уақыт та аяқталып, жеңімпазды төрешілер анықтады. Олар 4:1 есебімен Александр Полпудниковты жеңімпаз ретінде таныды. Ал жиналған көрермен төрешілер шешімімен келіспейтінін білдіріп, ресейлік спортшыға сөз бергенде ысқырыққа басты.



Арман Оспанов пен Александр Полпудников осыған дейін де бір-бірімен кездескен. 2013 жылы League S-70 турнирінде өткен жекпе-жекте отандасымыз қарсыласын бірінші раундта-ақ жеңіп шыққан болатын. Бүгінгі жекпе-жек қорытындысы бойынша бір-бірін жеңіп, нәтижелері теңесті. Ал келесі кездесуге ресейлік спортшы қарсы емес екенін айта кетті.


- Егер төрешілер шешімі ұнамай жатса, үшінші жекпе-жекке шығуға дайынмын. Әрине, Арман келіссе. Сөйтіп нүктесін қоятын боламыз, - деді Александр.


Арман АСВ промоушні аясында үш жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасасқан еді. Алғашқы кездесуінде жапон спортшысы Таичи Накажиманы екінші раундта нокаутпен жеңді. Екінші жекпе-жегін Алматыдағы АСВ 69 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық спортшы Тиаго Сильваға қарсы өткізіп, қарсыласына есе жіберіп алған. Бұл - отандасымыздың спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісі еді. Бүгін екінші рет жеңілді.


Айта кетейік, АСВ 77 турнирінде қазақ спортшысы Асылжан Бақытжанұлы да қатысып, ресейлік Муслим Махмудовты екінші раундта нокаутпен жеңді.


vesti.kz


 


 




Көрілген: 141    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 25.12.2017, 10:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31