Спорт

Астанада өтіп жатқан бокс кешінде «Азияның ақ аюы» украиналықтан жеңіліп қалды

  • © Спортфайтер

    © Спортфайтер

Бүгін «ЭКСПО-2017» көрмесінде көптен күткен Фируза Шәріпова мен Милена Колеваның айқасы өткізілмек. Басты кездесудің андеркартында ММА сайысында алғаш болып украиналық Юрий Проценко (122,6 келі) мен өзбекстандық Мурод Хантураев (104,6 келі) шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


«Алаш прайд» клубының атынан шығып отырған өзбекстандық Мурод Хантураев дода басталғалы-ақ шабуылға көшті. Бірақ, салмағы өзінен шамамен 20 келіге жуық украиналық күрес әдісімен оны жерге құлатып соққының астына алды.


Айқастың бел ортасында «Азияның аюы» атанған Мурод қарсыласын бұрышқа тіреп, тізе соққысын қолдануға тырысқанымен, айқас аяқталмай Проценко қылқындыру әдісімен Муродты ақыры жеңді.


Еске сала кетсек, бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Амфитеатрында кәсіпқой боксшылар қазақстандық Фируза Шәріпова мен болгариялық Милена Колеваның көптен күткен кездесуі өтеді.


Фируза 29 маусымда Мәскеуде өткен соңғы жекпе-жегінде ресейлік Бианка Пряшканы бірінші раундта жеңген болатын. Ал оның қарсыласы Милена Колева әлемдік рейтинг бойынша Шәріповадан әлдеқайда жоғары орында тұр. Әлем чемпионы атағы үшін айқас он раундқа есептелген.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

сенбі, 26.08.2017, 20:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31