Спорт

Әйгілі гимнастшы Әлия Юсупова шенеунік күйеуінен ажырасып кетті

  • Әйгілі гимнастшы Әлия Юсупова шенеунік күйеуінен ажырасып кетті

    Әйгілі гимнастшы Әлия Юсупова шенеунік күйеуінен ажырасып кетті

 Әйгілі қазақ гимнастшысы Әлия Юсупова алғаш рет жеке өмірі туралы айтты. Ол танымал шенеунік, мемлекеттік органдарда түрлі басшылық қызметтерді атқарған күйеуі Нұржан Әлтаевпен ажырасқанын мәлімдеді. Айтуынша, күйеуі ажырасу туралы ұсынысты өзі жасаған. Бұл туралы ол vesti.kz сайтына берген сұқбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.


"Мен жеке өмірім туралы ешқашан тіс жарған емеспін, бұған қатысты еш жерде айтпаймын. Себебі, ол - жеке өмір. Бірақ екі жыл бұрын күйеуіммен ажырасып кеткенімді айтып өткім келеді. Осымен жеке өміріне қатысты сұрақтарға нүкте қойғым келеді.


Ажырасу туралы бастама оның тарапынан болды. Ол Рио Олимпиадасы қарсаңында болған еді. Алайда менің отбасылық проблемаларым ел үшін маңызды додаға кері әсерін тигізген жоқ. Оның басқа отбасы, баласы бар", - деді ол.


Сонымен бірге спортшы өміріндегі бұл өзгерісті неге жасырып жүргенін де түсіндіріп өтті.


"Мен жариялылықты жақсы көрмеймін. Дәл сол кезде мен үшін гимнастшы шәкіртімді Олимпиадаға даярлау маңызды болды. Бірден бәрін тастап, отбасылық проблемам үшін Олимпиадаға назар аудармау дұрыс емес болар еді.


Мен өзімнің жұмысына ризамын. Себебі спорт адамды шынықтырады. Бар күшімді жинап, жігерімді жасытпау керек болды. Менің артымда екі балам және Қазақстандағы гимнастика саласы тұр. Әр шәкіртім үшін менің көмегім ауадай қажет. Сондықтан дәл сол тұста менің әлсіздік танытпауым керек болды.


Бұл мәселеге қатысты нүкте қойылды деп ойлаймын. Енді бұл тақырыпқа қайта оралмаймыз деген үміттемін", - деді ол.


Айта кету керек, Әлияның күйеуі Нұржан Әлтаев мемлекеттік органдарда түрлі қызметтерде жұмыс істеген шенеунік. 2013 жылдан 2014 жылғы наурызға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының қызметін атқарған, ал 2014 жылы ҰКП Төрағасының орынбасары болып тағайындалған.


Ал 2017 жылдың қараша айынан бастап ол ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған


NUR.KZ.




Көрілген: 4248    Пікірлер: 0

сенбі, 07.04.2018, 10:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31