Спорт

Бендиден Қазақстан құрамасының әлем чемпионатының жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

  • ©:bandy-vm2018.ru

    ©:bandy-vm2018.ru

Қазақстан құрамасы бендиден әлем чемпионатының жартылай финалында Швеция құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.


Ресейдің Хабаровск қаласында бендиден әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін, 2 ақпан күні Қазақстан құрамасы ширек финалда Норвегияны жеңіп, доданың жартылай финалына шықты.


Жартылай финалдағы Қазақстан құрамасының қарсыласы Швеция мен Венгрия құрамалары арасындағы кездесуде анықталды. Бұл ойында швед ойыншылары қарсыласытарын 16:3 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.


Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Алдымен біздің құрама Венгрияны 29:0 есебімен жеңсе, кейін АҚШ құрамасын 14:1, Германия құрамасын 17:2 есебімен ұтты.


Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің алты дүркін қола жүлдегері. Өткен әлем чемпионатында құрамамыз бесінші орын алып қалып, В тобына түсіп қалған еді.


 




Көрілген: 179    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 02.02.2018, 16:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28