Спорт

Данияр Елеусінов ажырасып кеткені жайлы айтты(видео)

  • Данияр Елеусінов ажырасып кеткені жайлы айтты(видео)

    Данияр Елеусінов ажырасып кеткені жайлы айтты(видео)

«The Эфир» жобасында Олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Данияр Елеусінов Ләйлә Сұлтанқызына өзінің табысы жайлы және кәсіпқой боксқа не себепті ауыспай қалғанына қатысты, сонымен қатар, әйелімен ажырасқаны туралы жаңа мән-жайды баяндады, — деп Tengrinews.kz хабарлайды тілшісі.


Сұхбат барысында Елеусінов жеке өмірі жайлы деректерді ашық айтты.


«Негізінде құпия сақтағым келген. Шынымды айтсам, қазір жанұям қасымда емес. Баламмен араласамын. Жақын арада ғана сондай шешімге келдік. Алда уақыт көрсетеді. Бөлек тұрып көрейік,


Ең бастысы бұл жерде бізді ұстап тұрған бала болатын, бала қиналып қалмасын дедік.

Әкесінен айырылмасын деген ойымыз болды. Еркек болғаннан кейін баламнан ешқашан бас тартпаймын. Баламды қатты жақсы көремін, балажанмын. Оған бүкіл жағдайды жасауға тырысамын», — деді Елеусінов отбасы жайлы. Сонымен қатар, ол бала кезіндегі арманының орындалғанын баяндады.


«Бала кезімде Олимпиада чемпионы болу арманым еді. Арманыма жеттім. Қазір шешім қабылдадым, әзірше әуесқой бокста қалдым деп айта аламын. Себебі маған келіп түскен ұсыныстар көңілімді толықтай толтырған жоқ. Басында кәсіпқой боксқа ауысамын деп ойлағанмын, бірақ ұсыныс түсіргендер келісімшарт бойынша өз міндетін орындамады. Олар қазақ спортшысына мұндай көп ақша төлегенше, өзімізге ақша құяйық деген сияқты, сондай бір сыбыстар болды», — деді боксшы кәсіпқой рингке өту мәселесі жайлы.


Осыдан кейін жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы спортшыға Елбасымен кездескені жайлы айтып беруін өтінді.«Өте қуанышты сезімде болдым. Елбасы құттықтап, жанұям туралы сұрады, әйеліммен және баламмен бірге шығып келе жатқан кезімде «отбасың ба?» деп сұрады. Баландин сол жағында, мен оң жағында отырдым. Елбасыға спортшыларға деген көзқарасы үшін алғыс айттым, сонда аяғымнан осылай қаққан болатын. Оның өзі маған үлкен мәртебе, абырой», — деп баяндайды сұхбатта Елеусінов.



Tengrinews.kz 




Көрілген: 1827    Пікірлер: 0

жұма, 17.11.2017, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31