Спорт

Денис Тен Кореяда өзінің атақты бабасының зиратына барды

  • © instagram.com/tenis_den/

    © instagram.com/tenis_den/

Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Оңтүстік Кореядағы өзінің атақты бабасы генерал Мин Гын-Хоның зиратына барды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА  тілшісі.


«Кореядағы атақты бабам, белгілі генерал Мин Гын-Хоның мүсіні. Оның құрметіне 1999 жылы Вонжу қаласының басшылығы ескерткіш орнатқан. Жақын жерде оның зираты мен биіктігі бірнеше метр монумент бар. Онда атамның жетістіктері корей және ағылшын тілдерінде жазылған», - деп жазды Денис Инстаграмға.


Мин Гын-Хо ел тәуелсіздігі үшін күрескен ең көрнекті 12 күрескер тізіміне кіреді. Оның армиясы күллі империяда ең ауқымды, ықпалдылардың бірі болды. 1962 жылы Мин Гын-Хо Корей Республикасының «Presidential Medal in the Order of Merit for National Foundation» орденімен марапатталды.


Бұл тұтастай елдің негізін қалауға үлес қосқандардың ең беделді мемлекеттік наградалардың бірі. «Әр кез бабамның басына келгенде санамды ұлы адамның отбасында дүниеге келгенім үшін мақтаныш сезімі билейді», - деп атап өтті спортшы. 12 тамызда Денис Тен оңтүстіккореялық Коян (Goyang) қаласында өтетін «Ice Festa» шоуында өнер көрсетеді. 




Көрілген: 555    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 09.08.2017, 19:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31