Спорт

Допинг дауы. Ауыр атлеттеріміз әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін

  • © pixabay.com

    © pixabay.com

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына допинг ережебұзушылықтарына байланысты Анахаймада өтетін 2017 жылғы әлем чемпионатына қатысуға тыйым салынды. Бұл туралы insidethegames.biz порталы хабарлады.


Дереккөздің мәліметінше, Қазақстан Олимпиада ойындарында көптеген допинг ережебұзушылықтарына байланысты әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырыоған тоғыз команданың қатарында. Қалған сегіз ел: Ресей, Қытай, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Түркия, Украина және Молдавия.


Осы аталған құрамаларда Бейжіңдегі және Лондондағы Олимпиада ойындарында допинг-сынамаларын қайта тексеру нәтижесінде кемі үш атлеттің ағзасында тыйым салынған препараттар табылған. Ресей құрамасында 10 атлеттің допингпен ұсталғаны айтылады.


Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқару комитетіне осы аталған құрамаларға қатысты қандай шара қолдану керектігі жайында ұсыныс түсіретін үш адамнан тұратын комиссия Будапеште кездесіп, қорытынды шығарады. Олардың есебі IWF атқару комитетінің 30 қыркүйек пен 1 қазанда Бухаресте өтетін кезектен тыс отырысында ұсынылады.


Тоғыз құрамаға қатысты бір жылға дейінгі шеттету шарасы енгізілетіні айтылады, алайда барлық елге әлем чемпионатынан кейін дисквалификацияның мерзімін азайтуға мүмкіндік беріледі.


vesti.kz


 




Көрілген: 618    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.09.2017, 09:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31