Спорт

Ережесіз жекпе-жек мықтылары Алматыға табан тірейді

  • © Comode.kz

    © Comode.kz

Тоғызыншы қыркүйекте ережесіз жекпе-жектен халықаралық сайыс өтеді. «АСВ Alash Pride» кәсіби жекпе-жек клубы Алматы Арена алаңында аталған айқастың айтулы үздіктерін қабылдайды.


Бұл – елімізде биылғы жылдың алғашқы халықаралық жарысы болмақ.


Шарада «Сұңқар» деген лақап атпен танымал болған Арман Оспанов өнер көрсетеді. Жерлесіміз жақында ғана жапондық спортшы Таичи Накаджимуды естен тандырып, нокаутқа жіберді. Арман ережесіз жекпе-жекте 7 рет шаршы алаңға шығып, барлығында да қарымды қарсыластарынан басым түскен еді.


Қазақтың қайсар ұлының келесі қарсыласы әзірге анықтала қойған жоқ.


Данияр Қасқарауов, «Alash Praid FC» кәсіби жекпе-жек клубының президенті:


– Бразилиялық спортшы Арманмен күш сынасуға дайын екендігін мәлімдеген болатын. «Бірнеше күн бұрын жарақат алып қалдым», – деп, жұдырықтасудан бас тартты. Біз басқа да мықты қарсылас іздеп жатырмыз.


Арман Оспанов, «Alash Praid FC» кәсіби жекпе-жек клубының өкілі:


– Төрт күннен кейін Дагестанға жол тартамын. Сонда жақсы ережесіз жекпе-жек мектебі бар. Жақын уақытта қарсыласым да анықталады.


24.kz

 




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.08.2017, 08:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30