Спорт

Ержан Естанов: Қазақстанда тек жеңілгеніңді айтады

  • Ержан Естанов: Қазақстанда тек жеңілгеніңді айтады

    Ержан Естанов: Қазақстанда тек жеңілгеніңді айтады

Отандасымыз алдағы Fights Nights Global 86 турнирінде Расул Мирзаевқа қарсы кездесу өткізеді.


Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Ержан Естанов алдағы Fights Nights Global 86 турнирінде Расул Мирзаевқа қарсы кездесуі алдында «Аралас жекпе-жек» каналына сұхбат беріп, дағыстандық спортшымен не үшін үшінші рет жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.


Бразилиялық джиу-джитсу ережесі бойынша жұдырықтасатын отандасымыз әңгімесін үшінші рет жекпе-жекке не үшін шыққысы келетінінен бастады.


«Бұл спорт, сондықтан бұл кездесу мен үшін маңызды. Расулмен үшінші рет шығатынымды естігенде көптеген адамдар мені балағаттап, не керегі бар дегендей әңгіме айтты. Көбісі Мирзаевтан ұтылғаннан кейін, дағыстандықтармен шығуды қою керек деп айтты. Бірақ спорттық мансабымда 9 рет шешен спортшысымен жұдырықтасып, тек бір-ақ рет ұтылып 8 кездесуде жеңіске жеткен болатынмын. Дағыстандық спортшылармен 5 рет жекпе-жек өткізіп, тек Мирзаевқа ғана ұтылғанмын. Бірақ Қазақстанда жеңгенімді емес, тек ұтылғанымды айтады. Иә, алдыңғы жекпе-жектерімде Расулға есе жіберіп қойдым. Бірақ екеуміздің тағыда жолымыздың түйісетінін сезіп жүрдім. Мирзаевпен бразилиялық джиу-джитсу ережесі бойынша жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түскенде бірден қабылдадым. Негізі бұл кездесу спортты түсетіндер үшін өте қызық болмақ. Өйткені бразилиялық джиу-джитсу ең тартысы спорттың бір түрі», – дейді Ержан.


Алдағы жоспарлары мен аралас жекпе-жектегі мақсаты туралы


«Көптеген жанкүйерлер мені аралас жекпе-жек спортынан көрінбей кеткенімді айтып жүр. Бұйыртса, осы додадан кейін Fights Nights Global тұжырымымен келісімшартқа отырамын. Құдай қаласа, 61 келі салмақ дәрежесінде Fights Nights Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанып, ұйым белбеуін иелену жоспарымызда бар. Бірақ, бұл салмақта жұдырықтасатын мықты бауырларымыз да бар. Бәлкім, олар да чемпион атануы мүмкін», – дейді Ержан Естанов.


Айта кетейік, Fights Nights Global 86 додасы 1 сәуір күні, Алматы арена спорт кешенінде өтеді. Бұл доданың басты жекпе-жегі Жалғас Жұмағұлов пен Найсон Нэм арасында болады. Сондай-ақ бұл турнирде Ержан Естанов пен Расул Мирзаев бразилиялық джиу-джитсу бойынша жекпе-жек өткізетін болады.




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.04.2018, 18:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30